ДДСҰ коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны тіркеді
ДДСҰ коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны тіркеді
© сурет интернеттен алынды
102
оқылды
9 қыркүйекте наноэмульсиялық майлы адъювант негізінде жасалған SARS-CoV-2 (COVID-19) вакцинасын ДДСҰ тіркеген вакциналар тізіміне қосты, деп хабарлайды zakon.kz. Бұл туралы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры, профессор Қайсар Табынов Facebook-тегі парақшасында жазды.  
- Бұл вакцинаны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің М.Айқымбаев атындағы ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы бірлесе жасап шығарған. Қазір ол клиникаға дейінгі зерттеуден өтіп жатыр, делінген жазбада.