Үміткерлер арасында қызу пікірсайыс өтті
Үміткерлер арасында қызу пікірсайыс өтті
201
оқылды
Партия ішіндегі сайлаудың алғашқы кезеңдері артта қалып, доданың нағыз  қыза түсетін сәті - жария пікірсайыстың  да уақыты келді.  Тараз қаласында осындай форматтағы бірнеше шара ұйымдастырылды.  «Гаухартас» мейрамханасында өткен пікірсайыстың ашылу салтанатына  «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев  қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі. Дана қазақта «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» деген сөз бар. Сол айтқандай жария пікірсайыс кезеңінде үміткерлер аянып қалған жоқ. Белгіленген ережеге сәйкес жария пікірсайыстар екі кезеңнен  өткізілді. Бірінші кезеңде  кандидаттар 5 минут уақыт аралығында өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, мәнді мәселелерге тоқталды. Екінші раундта  сұрақ-жауапқа кезек берілді. Сонымен қатар жиналғандар тарапынан да кейбір үміткерлерге сауалдар қойылып, нақты жауаптар берілді. Жалпы Жамбыл облысы бойынша нақты 853 үміткер тіркелді.  Оның 308-і (36,1%) әйелдер, 243-і (28,5%) 35 жасқа дейінгі жастар, 43-і (5,0%)  көпбалалы аналар,   28-і (3,3%) қандастар және 9-ы (1,0%) мүмкіндігі шектеулі жандар. 317-сі (37,1%) білім, ғылым, 172-сі (20,1%) өндіріс, ШОБ, ауылшаруашылығы, 116-сы (13,6%) қызмет көрсету, 73-і (8,5%) мәдениет және спорт, 60-ы (7,0%) денсаулық сақтау саласының  өкілдері. Үміткерлердің 116-сы  (13,5%) бастауыш партия ұйымдарынан, 737-сі  (86,2%) өзін-өзі ұсынғандар. Үміткерлердің 14-і ҚР Парламент Мәжілісін, 123-і ҚР Парламенті Мәжілісін, облыстық және аудандық (қалалық) мәслихаттарды (яғни 3 деңгейді бірден), 76-сы облыстық мәслихатты, 29-ы облыстық және қалалық (аудандық) мәслихаттарды (яғни 2 деңгейді бірден), 109-ы қалалық мәслихатты, 502-сі аудандық мәслихатты таңдаған. Биылғы 14-30 қыркүйек аралығында үміңткерлер пікірсайысқа түсіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстыратын болады. Облыс аумағында  кандидаттардың қатысуымен  жалпы  164 дебат ұйымдастырылады.