Еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланды

Қазақстанның 14 өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 15-20 метр. Дабылдың ықтималдығы 85-90%. Шымкентте желдің екпіні секундына 15-20 метр. Ақмола облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 28 метр. Ақтөбе облысында найзағай, желдің екпіні секундына 18 метр күтілуде. Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 25 метр күтілуде. Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр. Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 23 метр күтілуде. Қостанай облысында кей жерлерде бұршақ, тұман, дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр. Таңертең және күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр. Қызылорда облысында күндіз найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз өрт қаупі өте жоғары болады. Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде. Павлодар облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ. 17 қыркүйекте кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің екпіні секундына 15-20 метр. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 28 метр. Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метр күтіледі.