Өзбекстанның мемқауіпсіздік бойынша бұрынғы басшысы сотталды
Өзбекстанның мемқауіпсіздік бойынша бұрынғы басшысы сотталды
127
оқылды

Өзбекстанда мемлекеттік қауіпсіздік Қызметінің бұрынғы төрағасы Ихтиер Абдуллаев пен оның қылмыстық тобына сот үкім кесті. Бұл туралы Өзбекстанның Жоғарғы соты хабарлайды.

Жабық режимде өткен сот процесі екі айға жалғасты. Аталған уақытта үш жүзге жуық зардап шегуші мен куәгерлерден жауап алынған. Сот Ихтиер Абдуллаевты қылмыстық топ құру, пара алу, Өзбекстан Республикасының мүддесінен тыс келісімдер жасау, бопсалау, біреудің дүние мүлкін қолды ету, ірі көлемде кеден заңын бұзу, қызметін асыра пайдалануда айыпты деп тапты. Оны 18 жыл бас бостандығынан айырды.

Абдуллаевтан өзге сот: МҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Жахангир Игамов (16 жыл), МҚК төрағасының бұрынғы кеңесшісі Әлішер Ишанқожаев (17 жыл), Ташкент қаласы прокурорының бұрынғы орынбасары Еркін Абдуллаев (14 жыл) және басқаларына жаза кесті. Оларға белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттік қызметке тұруға болмайды.