Оқушы қыз төсегінде телефоннан музыка тыңдап жатып көз жұмды
Оқушы қыз төсегінде телефоннан музыка тыңдап жатып көз жұмды
© сурет интернеттен алынды
191
оқылды
Тайландтың солтүстік-шығысындағы Ройет провинциядағы аттас қалада қуаттау көзіне қосылған телефоннан музыка тыңдап жатқан оқушы қыз өз төсегінде көз жұмды. Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады. 16 жастағы Таниалук Фай Пхадасридің (Thanyaluck Fai Phadasri) денесі 10 қыркүйекте, бейсенбіде табылды. Ол қолында өртенген телефонды ұстаған күйі табылды, мойны мен қолдарын күйік шалған. Ата-анасы қызын кешкі асқа шақыру үшін бөлмесіне келгенде оқулықтарының қасында өліп жатқанын көрген. Қайтыс болған қыздың 39 жастағы әкесі оған жүрек-өкпе сауықтыру шарасын жасап, дәрігерлер шақырған. Алайда Пхадасриге көмек көрсету мүмкін болмады, оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтты. Полицейлердің айтуынша, қыз бала тоққа түскен кезде өз бөлмесінде құлаққаппен музыка тыңдаған болуы мүмкін. Пхадасриді жергеу рәсімі сенбі, 12 қыркүйекте жергілікті будда храмында өтті.