Түркістанда «Ашық жүрек» еріктілер орталығының ашылу өтті
Түркістанда «Ашық жүрек» еріктілер орталығының ашылу өтті
128
оқылды
Түркістан облысында «Ашық жүрек» еріктілер орталығының ашылуы болды. Оған Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Жастармен жұмыс» бөлімінің басшысы Сейдулла Кеңесбайұлы және «Жастар ресурстық орталығы» басшысы Амалбек Өміртай, Қазақстан Еріктілер лигасының Түркістан облысындағы атқарушы директоры Жүрсін Нұрболат, Еріктілер лигасының лидері Айдана Есіркеп және «Ашық жүрек» жобасының волонтерлары қатысты. Сейдулла Кеңесбайұлы игі бастамаға ілтипатын білдіріп, бұл жобалардың маңыздылығына баса назар аудару керектігін айтты. «Ашық жүрек» жобасы Қазақстан Ерік­тілер лигасы қоғамдық қоры жастар арасында волон­терлік брендін танымал ету үшін, Ақ­парат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Осы жоба арқылы жастар арасында еріктілердің жаппай қозғалысын құру, балаларда саналы белсенді азаматтық позицияны, жауапкершілікті қалыптастыруға және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін қоғамға қатысты оң іс-әрекеттерді жүзеге асыруға ықпал етуді көздейді. еріктілер

Қазақстан Еріктілер лигасының Түркістан облысындағы атқарушы директоры Нұрболат Жүрсін: «Біздің ұйым 2013 жылдан бастап қызмет атқаруда және Қазақстандағы ең ірі волонтерлік қозғалыстардың бірі. Бүгінде лигада 7000-нан астам белсенділер қызмет атқарып жүр және барлық аймақтарда өкілдеріміз бар. Карантиннің алғашқы күндерінен бастап Лига волонтерлері халқымыздың мұқтаж санаттарына азық-түлік себеттерін жеткізіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы «Ашық жүрек» жобасы арқылы да қазіргі қоғамның дамуының маңызды факторының бірі, әлеуметтік көмек мәдениетін қалыптастыруға күш саламыз», – деді.

Сондай-ақ шағын гранттар байқауы «Ашық Жүрек» жобасы аясында өткізіледі. Барлығы 107 шағын грант бар. Қазақстан Республикасының барлық өңірі бойынша бас­тамашыл топтар үшін 300 000 тең­геден 56 ша­ғын грант, 300 000 теңгеден 42 шағын грант 14 об­лыстың волонтерлері мен волон­терлік ұйымдары үшін бе­ріледі. Ал 500 000 тең­геден 9 грант республикалық маңызы бар қалалардың волон­терлеріне арналған. Мұндай мүмкіндіктің бәрі елдегі волонтерлардың санының артуына және оларды әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға тарту мен әр түрлі тіркеуде тұрған кәмелетке толмағандардың санын азайтуға өз септегін тигізеді.