БҚО-да үюлі тұрған 150 тонна шөп жанып кетті
БҚО-да үюлі тұрған 150 тонна шөп жанып кетті
© Сурет ғаламтордан
129
оқылды
Батыс Қазақстан облысында үюлі тұрған 150 тонна шөп жанып кетті. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 16 қыркүйек күні сағат 04.28-де Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округінде болған. «Досжан» шаруа қожалығына қарасты Бесшағыл қыстағында жинаулы тұрған 150 тонна пішен жанды. Өрт сағат 12.28-де оқшауланып, 12.51-де сөндірілді. Оны ауыздықтауға ТЖ департаментінен 11 қызметкер, 2 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымынан 6 адам, 2 техника қатысты. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімінен 2 қызметкер, 1 техника оқиға орнына барды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде. ТЖ департаменті шаруа қожалықтары басшыларынан ірі көлемдегі мал азығын тұрғын үй мен ауладан, жолдан алыс жерде сақтауды ұсынады.