Мұқағалидың 90 жылдық мерейтойында жаңа фильм көрерменге жол тартады
Мұқағалидың 90 жылдық мерейтойында жаңа фильм көрерменге жол тартады
© Сурет ғалатмордан
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында жаңа фильм түсіріліп бітті. Бұл жөнінде «Қазақфильм» киностудиясы арнайы мәлімет таратты. «Ұлтымыздың ақиық ақынының алдағы бесінші мерейтойын осы жолы ерекше өткізуге «Қазақфильм» киностудиясы да аянбай атсалысып отыр. Кинотеатрлар ашылған кезде бірінші болып көрерменге жол тартатын режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» көркем фильмі түсіріліп бітті. Қазір кинокартинаның монтаж жұмыстары жүріп жатыр» деп хабарлады киностудия Facebook парақшасында. Айта кетейік, Мұқағали Мақатаев – қазақтың лирик ақыны. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры - туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Аз ғұмырында бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев ән шығарған. Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келіп, 1976 жылдың 27 наурызында Алматыда дүниеден өткен.