Бас санитар шектеу шаралары туралы қаулысын тағы да өзгертті
Бас санитар шектеу шаралары туралы қаулысын тағы да өзгертті
Фото: Интернеттен алынды
5,124
оқылды

Жаңадан өзгеріс енгізілген қаулыға сәйкес, елімізде ойын-сауық орындарының жұмыс кестесі өзгереді.

Атап айтқанда, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары және кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынды.

Тек маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат берілген. Демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтайды. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.