Жаңадан өзгеріс енгізілген қаулыға сәйкес, елімізде ойын-сауық орындарының жұмыс кестесі өзгереді.
Тек маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат берілген. Демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтайды. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.Атап айтқанда, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары және кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынды.