«Вакцинаның пайдасы бар екеніне ешкім сенбейді» – БҰҰ бас хатшысы
«Вакцинаның пайдасы бар екеніне ешкім сенбейді» – БҰҰ бас хатшысы
Фото: Интернеттен алынды
Бас хатшы адамзат мұндай дағдарыспен алғаш рет бетпе-бет келіп отырғанын да тілге тиек етті, – деп жазады 24.kz. Ол әлемді індетпен бірлесіп күресуге шақырды. Қазір әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 1 миллионға жуықтап қалды. Сондай-ақ халық арасында вакцинаға деген сенімсіздік барына да тоқталды. Сонымен қатар вакцина туралы жалған ақпаратпен күресуге шақырды.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш: «Коронавирустың таралуымен қатар, оған қарсы вакцинаға қатысты алыпқашпа сөздер көбейді. Пікір алуандығы адамдардың екпеге деген күдігін арттырып, күмән тудырды. Яғни вакцинаны мойындамау, сенімсіздік белең алды. Дәл қазір дерт қысып тұрған шақта алыпқашпа әңгімелердің тамырына балта шабу керек. Әйтпесе, вирусты жеңу қиынға соғады», – деді.