Елдегі машина жасау саласы қарқынды дамуда
Елдегі машина жасау саласы қарқынды дамуда
©Сурет интернеттен алынды
235
оқылды

Бүгін, яғни 17 қыркүйекте, онлайн форматта Қазақстан машина жасаушыларының VIII Форумы басталды. Мұнда машина жасау және металл өңдеу жөніндегі бірінші халықаралық мамандандырылған «Kazakhstan Machinery Fair 2020» көрмесі өтуде. Бүгінгі шараны  Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырды.

«Жаңа шынайылық жағдайында машина жасауды дамыту» тақырыбында өткен форумда машина жасау саласын дамыту перспективалары талқыланады. Сондай-ақ «Машина жасауды дамыту жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру барысы қарастырылады. машина

Форумның бірінші панельдік пікірсайысы шеңберінде машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін базалық өндірістерді құру мен дамытуға, сондай-ақ қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатын жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында жергілікті қамтуды реттей отырып, оны дамытуға басты назар аударылады.

Форумның екінші панельдік пікірталасы – өнімнің соңғы түрлерін шығару кезінде пайдаланылатын материалдар мен жиынтықтауыштардың құнын төмендету тетіктеріне, орта мерзімді перспективада жергілікті қамтуды дамытуға сондай-ақ машина жасау өнімдерінің экспортын ілгерілету мәселелеріне арналады. машина Сонымен қатар 6 секциялық отырыста жоспарланған: темір жол, мұнай-газ, тау-кен металлургия, электр техникалық, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен автомобиль жасау, сондай-ақ жалпы машина жасау технологияларын дамыту бағыттары бойынша нақты ұсыныстар әзірленеді. Осыған сәйкес міндеттерді бірлесіп шешу үшін Үкіметке жіберіледі.

Соңғы он жылдық индустрияландыру кезеңінде машина жасау саласында біраз дүниеге қол жеткізілді. Мәселен, өндіріс көлемі 4 есе, инвестиция 2,5 есеге өсті. Бұл дегеніміз – 59 млрд теңгені құрады. Оған қоса, экспорт көлемі үш есеге жуық өсіп, 1,1 млрд теңгге табыс ұлғайды. Ал осы жылдың 8 айында саладағы өндіріс көлемі 16,3% - ға өсті.

 

Гүлзина ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ