Польша 2050 жылға қарай энергетика өндірісінде көмірді пайдаланудан бас тартуы мүмкін
Польша 2050 жылға қарай энергетика өндірісінде көмірді пайдаланудан бас тартуы мүмкін
96
оқылды

Польша 2050 жылға қарай энергетикалық секторда көмірді пайдаланудан толығымен бас тартуы мүмкін,– деп мәлімдеді қоршаған орта министрі Генрик Ковальщик. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Қазіргі уақытта поляктардың энергия өндіретін қуат көздерінің 80% -ы көмірмен жұмыс істейді. «Әрине, біз одан (көмірді пайдаланудан) бас таруымыз керек. Алайда, энергияның басқа көздерін, оның ішінде экологтар тарапынан белгілі бір деңгейде дау-дамай тудырып отырған ядролық энергияны дамыту мәселесін де ақылға салып, қарастыруымыз қажет»,– деген Ковальчик Wprost сайтына берген сұхбатында. Польша қашан көмірді пайдаланудан толықтай бас тарта алады?– деген сұраққа министр «шамамен 2050 жылға қарай, бірақ бұл менің жеке пікірім және нақты мәлімдеме емес»,– деп жауап берген.