Коронавируспен ауырған науқастарда біраз уақыттан кейін басқа асқынулар пайда болады - Алмас Шарманов
Коронавируспен ауырған науқастарда біраз уақыттан кейін басқа асқынулар пайда болады - Алмас Шарманов
113
оқылды
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман әлемдегі коронавирус пандемиясының екінші толқыны туралы айтып, алматылықтарды санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырды, - деп хабарлады қалалық әкімдіктің реми сайты.  Профессордың айуынша, пандемия әр уақытта әр елде әртүрлі көрініс тапқан.
«Індетті сәтті жеңіп шыққан Жаңа Зеландия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты елдер бар. Бірақ Италия, Испания, Америка Құрама Штаттары сияқты кейбір елдерде өлім мен ауру көрсеткіші жоғары деңгейде болды», – деді Алмаз Шарман.
Оның айтуынша, бұған оңтүстік жарты шардағы Аргентина, Чили, Оңтүстік Африка, Австралия сияқты елдердегі жағдай дәлел. Алмаз Шарман сонымен бірге адамзат қазір «ковидтен кейінгі жағдай» жаңа феноменімен бетпе-бет келіп жатқанын айтты. Covid-19-бен ауырған науқастарда біраз уақыттан кейін басқа асқынулар пайда болады. Бұл әлсіздік, созылмалы шаршау синдромы, неврологиялық, жүрек ауруы және басқа белгілер.
«Бүкіл әлем дәрігерлері өте маңызды, кең ауқымды проблемаларға тап болды. Сондықтан күзгі-қысқы маусымда болуы мүмкін коронавирустың екінші толқынын адамдар байыпты қабылдауы керек. Жаңа індет Еуропа мен Азияның әртүрлі елдерінде пайда болады. Бұл күзгі кезеңге, күннің салқындауына байланысты. Қазір көп нәрсе біздің өзімізді қалай ұстайтынымызға байланысты. Біз арақашықтықты сақтап, маска тағып, жалпы гигиена ережелерін сақтауды жалғастырамыз. Сондықтан егер Қазақстанда эпидемияның екінші толқыны болса, оның қаншалықты қауіпті болатыны тікелей өзімізге  байланысты», – деді Алмаз Шарман.