Кәсіпкерді 12 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
Кәсіпкерді 12 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
© сурет интернеттен алынды
117
оқылды
Кәсіпкерді 12 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқты қарағандылық полицейлер анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 15 қыркүйек күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 33 жастағы азаматша хабарласқан. Жеке кәсіппен айналысатын оның айтуынша, осыдан бірнеше ай бұрын бір азаматпен полиэтилен өнімін әкеп беру үшін келісім-шартқа отырған. Жаңадан танысқан бизнес серіктес одан тапсырыс берген затты әкеліп беру үшін алдын ала ақша сұрап, жәбірленушінің сеніміне кірген. Кейін жәбірленуші оның есеп шотына 12 миллион теңге ақша аударған. Осыдан кейін жаңадан танысқан “бизнес серіктес” ақшаны алып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Полиция қызметкерлері жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 26 жастағы азамат ұсталып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.