Тергеу изоляторында бауырсаққа жасырылған телефон тәркіленді
Тергеу изоляторында бауырсаққа жасырылған телефон тәркіленді
Ақтөбеде тергеу изоляторында бауырсаққа жасырылған телефон тәркіленді, – деп хабарлайды облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 тергеу изоляторының тәртіп және күзет қызметкерлері аталған мекемеде қамауда отырған сотталғанмен кездесуге келген азаматтың сәлемдемелерін тексеру кезінде фальга қағазына оралған, қолдан пісірілген бауырсақтың ішінен “Nokia” шағын телефонын тауып алды. Кездесуге келген Ақтөбе облысының 24 жастағы тұрғыны мекемеге тыйым салынған затты “есірткімен айналысу” бойынша қамауда отырған ағасына кіргізбек болған.
"Азамат С. М. өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материал Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сонымен қатар, мекемеге ұялы телефон алып кірмек болған азамат бір жыл бойы мекемеге кездесуге келу құқығынан айырылады", – делінген хабарламада.