Жаңа басшыны таныстырды
Жаңа басшыны таныстырды

Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынысымен Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Эльдар Күзенбаев тағайындалды. Өңірлік партия ұйымының активіне жаңа басшыны филиал төрағасы Архимед Мұхамбетов таныстырды.

Эльдар Күзенбаев 1982 жылы туған. Құқықтану маман­дығы бойынша Қостанай мем­­лекеттік университетін және Қостанай инженерлік-эконо­ми­калық университетін қар­жыгер мамандығы бойынша бітір­ген. Әр жылдары Қостанай об­лысы Қарабалық және Қоста­най аудандарында Әділет басқар­ма­сының басшысы, Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары мен Сарыкөл ауданының әкімі болды. 2018 жылдың шілде айынан бастап Эльдар Қонысбайұлы Арқалық қаласының әкімі, Nur Otan пар­тиясы қалалық филиалының төрағасы болды.

– Сіздер Эльдар Қонысбай­ұлын жақсы білесіздер. Ол – өз ісін білетін шебер, тәжірибелі басшы. Мен оған жаңа салада табыс ті­леймін, сондай-ақ Жаңабай Бисимбаевқа осы жерде атқарған жұмысы үшін алғыс білдіргім ке­леді, – деп атап өтті Nur Otan пар­тиясы Қостанай облыстық фи­лиалының төра­ғасы, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Айта кетейік, Nur Otan пар­тия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның жұ­мы­сын жандандыру және кадр­ларды жаңарту жөніндегі тап­сыр­масына сәйкес, бұған дейін Түркістан, Батыс Қазақстан, Пав­лодар мен Солтүстік Қа­зақстан облыстарындағы фи­лиал төрағасының бірінші орын­басарлары тағайындалған бо­ла­тын.


Әбілмансұр ЖАСАН