Нұр-Сұлтанда тегін құқықтық және психологиялық көмекті қайдан алуға болады?
Нұр-Сұлтанда тегін құқықтық және психологиялық көмекті қайдан алуға болады?
Жарты жыл ішінде елордадағы психологиялық және медиаторлық қолдау көрсету орталықтарына 1500-ден астам адам жүгінген, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Елорда тұрғындары білікті, тегін, құқықтық және психологиялық көмек ала алады. Ол үшін елордада бірқатар қоғамдық қорлар мен орталықтар жұмыс істейді. Нұр-Сұлтандағы "Сенім" медиация орталығына осы жылдың наурыз айынан бастап 1128 адам өтініш білдірген, олардың 500-ге жуығы онлайн-кеңе алды.
“Жүгінгендердің 30 %-ы отбасылық мәселелер бойынша келсе, 70 %-ы еңбек құқығы туралы кеңес алды. Көбіне еңбек заңы бұзылған жағдайда және отбасылық қиындықтар мәселесі бойынша келеді”,- дейді “Сенім” медиация орталығының директоры Әсел Молдағалиева.
Көмекті мына мекен-жай бойынша алуға болады: Абай даңғылы, 38, каб. 112. Сондай-ақ, кеңес алу үшін 64-34-78 немесе +7 771 996 09 27 және 8 701 196 60 51 байланыс нөміріне хабарласуға болады. “Рухани қоғам әлемі” ҚҚ отбасы құндылықтарын нығайту және гендрлік мәдениетті қалыптастыру” жобасы аясында жыл басынан бастап психологиялық көрсетіп келеді. Ұйым карантин кезеңінде онлайн-форматта өтетін тренингтер мен семинарлар өткізген.
“Бүгінде біздің көмегімізге 155 адам жүгінді. Оның 120-сы отбасылық проблемалар бойынша, 35 адам жеке басына байланысты кеңестер алды. Кеңес алуға көбіне мына мәселелер бойынша келіп жатады: ата-ана мен баланың арасындағы түсініспеушілік, әлеуметтік жағдайға байланысты отбасылық жанжалдар, жабық кеңістікте қалғаннан кейін ер мен әйел арасындағы бір-біріне деген реніш, өкпе және т.б.”,- дейді “Рухани қоғам әлемі” ҚҚ президенті, Психологтар лигасының мүшесі Лимана Қойшиева.
Кеңес алу үшін сенім телефоны +7 771 888 1777 нөмірі бойынша жұмыс істейді, сондай-ақ Әуезов,19 мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жеке кеңес беру кабинетіне баруға болады. Құқықтық көмекке келетін болсақ, елорда тұрғындарына "Астана Жастары" жастар ресурстық орталығында көрсетіледі. Студенттер, мүмкіндігі шектеулі адамдар, кәмелетке толмағандар, жас отбасылар, әскери қызметшілер, жақында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар жүгіне алады. Орталық мамандары ауызша немесе жазбаша кеңес береді, құқықтық сипаттағы құжаттарды, өтініштерді, арыздарды, өтініштерді, шағымдарды, шарттарды жасауға көмектеседі. Заңгерлер отбасылық, тұрғын үй, еңбек, азаматтық немесе тұтынушылық мәселелер бойынша көмектесе алады.
"Заңгерлік көмек біздің мекеме құрылған сәттен, 2015 жылдан бастап көрсетіледі. Бүгінгі таңда осы жоба аясында жылына 400-ге жуық өтініш қабылданады", - деді "Астана Жастары" ЖРО басшысы Шыңғыс Тілеулин.
Жыл соңына дейін қаланың төрт ауданында заңгерлік көмек көрсету кабинеттерін ашу және қамту жоспарда бар. Көмекке 8 (717) 224-95-72 нөмірі бойынша жүгінуге болады. Сондай-ақ, "Астана Жастары" жастар ресурстық орталығының кеңсесіне келуіңізге болады: Сарыарқа даңғылы, 13, 516 кабинет, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен құжаттарыңыз болуы тис. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде: Vkontakte "Бесплатная юридическая консультация", Instagram-да "free_legal_advice" парақшаларында өтініш қалдыруға болады.