Көкшетауда 33 жастағы әйел жігітіне қызғаныштан пышақ салды
Көкшетауда 33 жастағы әйел жігітіне қызғаныштан пышақ салды
© Сурет ғаламтордан
Көкшетау тұрғынына пышақ сұққан 33 жастағы әйел ұсталды, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, қыркүйектің 16-да Көкшетау қалалық полициясының кезекші бөліміне қалалық аурухананың медбикесі хабарласып, 36 жастағы жергілікті тұрғынның «іш тұсынан тілік жарақаты» диагнозымен түскенін айтқан.
«Осыған байланысты тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша («Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - дейді ведомстводан.
Жедел-іздестіру шарасы кезінде тәртіп сақшылары зардап шеккен ер адамға ауыр жарақатты он айы бойы кездесіп жүрген 33 жастағы таныс әйелдің салғанын анықтады. Белгілі болғандай, арақ ішіп отырған олардың арасында екеуара жанжал шығып, қызғаныштан әйел ер адамға пышақ сұғып алған.
«Күдікті ұсталып, қылмысын мойындады. Қазіргі кезде оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп толықтырды ведомстводан.