Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Мәдениет

«Томирис» көңілден шықты ма?

«Айқын» ақпарат
Қазан 1, 2019
Мәдениет

Қазақстандық ақпарат кеңістігіне жарқ етіп шы­ғып, үш-төрт күннен бері жалпыға ортақ тақы­рып болып жатқан «Томи­рис» филімі туралы пікірлер сан алуан. Кино­та­нушы мамандар мен көрермен­дер­дің пікір­лерін оқыр­ман наза­ры­на ұсынып отырмыз.


Г.Кобек.JPG
Гүлзат КӨБЕК,
Кинотанушы, PhD докторы,
Тұран» университетінің профессоры:

– Томирис патшайымның тағдыры таққа таңдалған. Біз тарихты нақты фильмнің оқи­ғасының желісімен ғана пайым­даймыз. Тарихи жады­дан көп нәрсе өшірілген болуы да мүмкін. Фильмде саяси астармен көп көркем­дік шындық қосылуы да мүм­кін. Қалай болған күнде де фильмнен бір-ақ фактіні алға тар­тамыз. Бұл – менің қағидамдағы «Әйел отбасындағы ота­насы орнында отырып-ақ әлемді басқара алады» деген пайы­мым. Бұл – ақиқат. Томиристей әйел заты өз дәуірінде осы­ны дәлелдеп шыққан.

Ол өжет. Ол сезімтал. Ол ұстанымдарына берік. Оның түйс­ігі оны алдағы үлкен миссияларына қарай бағыттап отыр­ды. Ол қалаған жоқ. Ол мақсат еткен жоқ. Бар көздегені әке­сінің кегін қайтару болды. Ол өзінің үлкен мәртебелі тақ­қа тағдырымен таңдалғанын уақыт өте тылсым бел­гілермен ғана түсінді. Томирис маңызды шешімдер қабылдай біл­ді. Елдік, таптық, халықтық мүдделерді қорғаудың жауап­кершілігін сезінді. Өміріндегі маңызды шешімдерінің бас­тамасы оның өзіне лайықты жар таңдауы болды. Томирис ер-азаматтардың күш-жігерін өз мақсатына жұмылдыра біл­ді. Оның даналығы да осында. Тақты да, жерді де осы ше­шімімен ұстап тұрды.

– Томирис – бақытты ана. Тақ ұрпақпен байланысты. Әке­сі­нен мұрагерлікке қалған қоғамды басқарудың жауап­кершілігімен қоса, өзінің жар ретінде теңін тауып, әйел-ана ретінде бала сүйіп, табиғатына сай үйлесімде өмір сүрген үлгілі тұлға. Тарихта таңғалыс тудырған оқиғалар болса, оның бірі және бірегейі осы – Томирис. Әлемдік саясатта елді әйел басқарған оқиғалар жоқ емес. Аз болса да тарихта маңыз­ды қадамдар жасаған рухы мықты әйел тұлғалар болған. Олардың бейнесін, болмысын, табиғатын, түйсігінің тілін зерттеу, түсіну, қорытындыға келу қашан да қызық. Олар­дың басты миссияға қарай жүрген жолындағы түй­сігінің табиғатын түсіну маңызды. Не себептен?! Кім үшін?! Не үшін?! Бұл сұрақтар қашан да өзекті. «Томирис» тарихи фильмінен бұл сұрақтардың жауабын табуға болды. Және бұл фильм – Қазақстанның киноөндірісінде маңызды та­қырып­тарды ашудағы шешуші қадам.


Баубек НӨГЕРБЕК.jpg

Баубек НӨГЕРБЕК, 
Кинотанушы, PhD докторы, Т. Жүргенов атындағы ҚАЗҰӨА доценті:

– Киноны идеоло­гия­­ның құралы дейміз. Осы тұрғыдан алғанда сақ­­тардың тілін көне түр­кі етіп көрсетуі үл­кен же­тістік болды. Яғ­ни, түр­кология ғы­лы­мының же­тістік­тері­не арқа сүйе­ген отан­дық киноин­дустрия­дағы ірі жоба жүзеге асты деп есептеймін. Осы­ған дейін сақтарды «парсы тектес­тер­ге» жатқызып жүр­гендердің қарасы көп болды. Біз тәуел­сіз ел ретінде осы­ны қорықпай көрсетіп, батыл­дық таныта алдық.

Ал фильмнің көркемдік жағын алсақ, кемшіліктері де жоқ емес. Әсіресе, Тұмар патшайымның балалық ша­­ғын ықшамдап беруге болар еді. Ұйқаспай қалатын тұс­­тары да бар. Біз, әрине, Томиристің үлкен қолбасшы бол­­ғанын білеміз. Фильмде көшбасшы ретінде халық­тың оған неге тез ергені, батырлардың тез мойынұ­сын­ға­нын жеткізу түсініксіз боп қалды. Оның нақты бір ер­лігін, даналығын көрсету керек еді.

Режиссер Ақан Сатаевтың шығармашылығы тұр­ғысынан айтсақ, «Жаужүрек мың бала» фильмінде ша­буыл сахналары стратегияға негізделмей, жай шай­қас, ұрандалған үлгіде өрбіді. Ал бұл фильмде сол кез­дегі көп сынның нәтижесін көргендей болдық. Әс­кери тактикаға негізделген, соған баса назар ауда­рыл­ған. Ак­терлер өздеріне артылған міндетті ойда­ғы­дай ат­қарып шықты. Киім, костюм, әсіресе, деко­ра­ция жо­ғары деңгейде орындалған. Ал енді графикаға келгенде сапасы заманауи фильмдермен салыстырған­да төмендеу екені анық. Әсіресе, шабуылдағы әс­керді жоғарыдан кішірейтіп көрсеткені мен түсіне кіре­тін қанатты, құбыжық арыстанды сапалырақ жа­сауға болар еді. Компьютерлік графика жағынан кел­генде контраст көзге ұрып тұрды. Әрине, фильм қазақ тілінде ұсы­нылуы керек еді. Тек осы жағынан осалдық кетпегенде, көрермен бірақ мәселеге көз жұмып қарауға пейіл еді. Жалпы айтқанда, «Томирис» фильмі түркілердің тұя­ғымен дала кезген дүбірлі дәуренінен xабар беретін та­риxи туынды болды.


Аймагамбет.JPG
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ,
журналист:

– Ұлы даланы ұлықтаған патшайымның «Томирис» фильмі қалың көпшілікке ерекше жаңалық болды. Сюжет желісі ұнады. Басты рольде ойнаған, кинодағы дебюттік ролін тарихи кейіпкерді сомдаудан бастаған Альмира Тұрсын көпшіліктің көңілінен шықты деп ойлаймын.

Бұл – еліміздің кино тарихындағы ең ірі тарихи кино­жо­балардың бірі. Осы жобаға жауаптылардың үлкен жауап­кер­шілікпен бар күшін салғаны көрініп-ақ тұр. Фильм тарихымыз терең­нен тартатынын және ата-бабаларымыз қалыптастырған салт-дәстүрімізді, мәдениетіміз бен Ұлы дала рухын көрсете алды.

Фильмде бүгінгі күні ара-тұра айтылып жатқан қателіктер де болған шығар. Бірақ оны осы саланың мамандары айта жатар. Менің көрермен ретінде ерек­ше қуанғаным, батыр бабаларымыздың отты емес, қылышты қадір тұтқанын дәлелдеген туын­ды болды. Жастайынан ат құлағында ойнаған, шауып келе жатып нарды кесіп түсірген мәрт мінезді халықтың мәдениеті көрініс тапқан.

«Серт бұзылса, қылыш қанға боялады» деген қазақ мәтелінің түп негізі осы кезеңдерден та­мыр тартады ғой. Сақтардың түрік тілінде сөйлегенін, олардың өз бабаларымыз екенін көр­сетті. Тасада тығылып жатқан күллі түркі әлемінің ата тілін қайта тірілткен туынды болды.


Әзірлеген Гүлжан РАХМАН


Ешқандай мазмұн жоқ
 
Тегтер: «Томирис» көңілден шықты ма?«Томирис» филімі туралы пікірлерБаубек НөгербекГүлзат КөбекГүлмира Аймағанбет
Алдыңғы жаңалық

Ел игілігін еселейтін құжат

Келесі жаңалық

Ысқақов: Автобазарлардан автокөліктің күмәнді 41 айнасы мен 127 аккумуляторды анықтадық

Ұқсас жаңалықтар

Иманбек Зейкенов
Жаңалықтар

Иманбек Зейкеновтің жаңа трегі шықты

Сәуір 10, 2021
ертегі
Мәдениет

Ертегі оқитын бала қайда?

Сәуір 10, 2021
Жүргенов академиясында жаңа энциклопедияның тұсаукесері өтті
Жаңалықтар

Жүргенов академиясында жаңа энциклопедияның тұсаукесері өтті

Сәуір 9, 2021
мереке, мамыр айы, демалыс
Жаңалықтар

Қазақстан халқы мамырда 13 күн демалатын болды

Сәуір 9, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды

Сәуір 11, 00:31

Нутрициолог маман жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатуға және қуыруға болмайтынын айтты

Сәуір 10, 22:57

Айзаданың өлімі: Бішкек ІІББ басшысы қызметтен кетті

Сәуір 10, 22:25

Футбол: «Астана» «Атырауды» жеңді

Сәуір 10, 21:55

Тойға келген қонақтар жертөлеге жасырынған – видео

Сәуір 10, 21:16

Қазақстанның он өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Сәуір 10, 20:26

Иманбек Зейкеновтің жаңа трегі шықты

Сәуір 10, 20:01
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қосшы

Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды

Сәуір 11, 2021
жұмыртқа

Нутрициолог маман жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатуға және қуыруға болмайтынын айтты

Сәуір 10, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»