Полиция халықтан ақша жинаған қорды тексеріп жатыр
Полиция халықтан ақша жинаған қорды тексеріп жатыр
© Сурет ғалатордан
197
оқылды
Қазақстандықтар тұрғын үйге инвестиция салу үшін олардан ақша алған корпоративтік қорға шағымданды. Полиция іс қозғады,-деп хабарлайды Нұр-сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"7 қыркүйекте Есіл ауданының полиция басқармасына Otbasy men jastardy Koldau kory корпоративтік қоры тарапынан алаяқтық фактісі бойынша елорда тұрғындары ұжымдық өтінішпен жүгінді. Қор тұрғын үй сатып алу үшін тиімді инвестициялау мақсатында жәбірленушілерден ақша қаражатын алды және кейіннен өз міндеттемелерін орындауды тоқтатқан", - делінген полиция хабарламасында. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі "екі және одан да көп адамға қатысты ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде."
Істің мән-жайы тексеріліп жатыр.