Жеңілдіктерді көбейтуді ұсынды
Жеңілдіктерді көбейтуді ұсынды
140
оқылды
Партияның Бостандық аудандық филиалында үміткерлер көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдауды күшейту, атап айтқанда, жәрдема­қыларды, қосымша төлемдер мен жеңілдіктерді ұлғайту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ана мен бала ден­саулығын қорғау мәселелерін тал­қылады. Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға жоғары білімнің қолжетімділігі мәселелері қаралды. Өткен пікірталастарда осы және бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселе көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, пікірталас 30 қыркүйекке дейін жалғасады және Алматының бар­лық ауданында өтеді. Оның бары­сында праймеризге қатысу­шылар өз­дерінің сайлауалды бағдар­лама­ла­рын таныстырып, әлеуметтік желі­лер­дегі партияның аудандық филиал­да­рының ресми аккаунт­та­рында тіке­лей эфирде қойылған оп­понент­тер мен қалалықтардың сұрақ­тарына жауап береді. «Nur Otan» пар­тиясы Алматы қалалық филиа­лы­ның бірін­ші орынбасары Станислав Канкуров­тың айтуынша, бүгінде Алматыда прай­меризге 221 қатысушы бар, олар­дың ішінде шағын және орта бизнес, үкіметтік емес ұйым өкілдері, көпба­лалы аналар, медицина, білім беру саласы өкілдері және басқалар бар.  

Әбілмансұр ЖАСАН