Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Әлеуметтік-экономикалық салаға басымдық берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында қо­ғам­­ның мұң-мұқтажын ес­керген, мемлекеттің да­муына қа­жетті көптеген са­ланы қам­тыды. Әсіресе, экономиканы ілгерілетуге басымдық бе­ріліп, бұл ба­ғытта атқары­ла­тын жұмыс­тарды атап көр­сетті.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 18, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Jolday logo

Қазіргі таңда коронавирус пандемиясының өршіп тұрғаны белгілі. Бүгінде індетті жұқтыр­ғандар саны 30 миллионға жа­қындап, соның 900 мыңы бұл өмірмен қоштасты. Шартарап­тың түкпір-түкпірінде енгізілген локдаунға байланысты әлем елдері бұрын-соңды кездеспеген эко­номикалық қиындыққа тап келді. Кәсіпорындар мен кәсіп­керлердің жұмысы тоқтап, бүкіл сала тоқырауға ұшырады. Ішкі жалпы өнім көлемінің өсуі баяу­ласа, кей мемлекетте, тіпті кері құлдырады. Мұның бәрі, әрине жаһан­дық ахуалға бейім­делген жаңа эко­номикалық даму жоспа­рын жасаудың қажетін туын­датты. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев­тың Жол­дауында бұл ба­ғыт­та атқа­рылатын іс-шара­лар толық­қанды қамтылды деп айта аламыз.

Мәселен, Президент өнер­кә­сіптік әлеуетімізді толық пай­далануды міндеттеп отыр. Осы­ған байланысты ұлттық эконо­ми­каның стратегиялық қуатын арт­тыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа сала­ларын дамытуға тапсырма берді. Яғни, қара және түсті металлур­гия, мұнай химиясы, көлік құрас­тыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларға алдағы уақытта тың серпін бе­рілмек.

Экономикалық дамудың тағы бір бағыты шағын және орта бизнес өкілдерін қамтымақ. Локдаун кезінде зардап шеккен 700 мыңнан астам кәсіпкерге салық жеңілдіктері берілді. Төлем мерзімі кейінге шегерілді, несиені жеңілдікпен қайта қар­жы­ландыру мүмкіндігі ұсыныл­ды. Дегенмен мұның бәрі эко­но­микалық қиыншылықты ең­серуге жеткіліксіз. Соған байла­нысты Мемлекет бас­шысы эко­но­миканың зардап шеккен сала­ларындағы кәсіп­керлердің қа­зіргі барлық не­сиелерінің 6 па­йызға дейінгі жылдық мөлшер­лемесі бойын­ша мемлекеттік субсидия беруді тапсырды. Бұл да шағын және орта бизнесті қолдауға жасалған зор көмек.

Әкімді қалай сайлаймыз?

Әлеуметтік пәтер саны 9 есе артады

Денсаулық саласына қатысты екі тапсырма орындалды

Шағын және орта бизнестің айналым қаражатын көбейтуге бағытталған арнаулы бағдарлама 2021 жылдың соңына дейін созылмақ. Осыған орай қосым­ша 200 миллиард теңге бөлу қажет. Сол арқылы бағдарла­маның жалпы құны 800 мил­лиард теңгеге дейін жетеді.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев Жол­дауда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тие­сілі жылжымайтын мүлік ны­сан­дарын жалға алып отырған ша­ғын орта бизнес өкілдерін жыл соңына дейін жалдау ақысын төлеуден босатуды тапсырды. Қысқасы, экономи­каны жан­дан­дыру үшін ат­қарылған жұмыс­тардың нәти­жесінде шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнім­дегі үлесі 2025 жылға қарай 35 па­йызға дейін, ал жұмыспен қам­тыл­ғандардың саны 4 мил­лион адамға дейін көбеюі керек.

Бұдан бөлек, Мемлекет бас­шысы ауыл шаруашылығын жолға қоюды, көлік-логистика кешенін дамытуды, ақша-несие саясатын қайта қарауды тап­сырды. Қорыта айтқанда, Пре­зидент Қ.Тоқаевтың Жол­дауында халықтың әл-ауқатын арттырып, мемлекет дамуына қажетті басым бағыттар айқын көрсетілді. Ен­дігі міндет – Жол­дауда айтыл­ған тапсыр­ма­лардың үдесінен шығу.

 

Тарас ХИТУОВ,
Мәжіліс депутаты,
«Nur Otan» партиясының
фракция мүшесі

 

 

 
ID: 0
Тегтер: әлеуметтікЖолдаусалаэкономикалық
Алдыңғы жаңалық

Алтын құймаларын ұрлаған

Келесі жаңалық

Денсаулық сақтау министрлігі кімді алдап жүр?

Ұқсас жаңалықтар

оқушы
Әлеумет

NIS оқушысы АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Сәуір 16, 2021
Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды
Жаңалықтар

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Сәуір 16, 2021
Қарағанды облысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылайтын қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді
Nur Otan

Қарағанды облысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылайтын қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді

Сәуір 16, 2021
мешіт
Жаңалықтар

Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігін тонап кетті

Сәуір 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

NIS оқушысы АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Сәуір 16, 15:58

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Сәуір 16, 15:56

Қарағанды облысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылайтын қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді

Сәуір 16, 15:45

Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігін тонап кетті

Сәуір 16, 15:43

90-жылдары Қазақстанды дүрліктірген маньяк қылмыс үстінде ұсталды

Сәуір 16, 15:33

ШҚО-да сайлауалды бағдарламаның орындалуын қадағалайтын 12 қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді

Сәуір 16, 14:56

Қоғамдық кеңестер сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жүргізеді

Сәуір 16, 14:50
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

оқушы

NIS оқушысы АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Сәуір 16, 2021
Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Сәуір 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»