Астанада 5 бала тірідей жанып кеткен «Көктал» аймағына биыл газ қосыла ма?
Астанада 5 бала тірідей жанып кеткен «Көктал» аймағына биыл газ қосыла ма?
Фото: Интернеттен алынды
273
оқылды
Нұр-Сұлтанда табиғи газдың тарифі бекітілді. Бұдан былай тұрғындар газдың текше метрі үшін 45 теңге төлейді. Ал баға бұған дейін баға 60 теңге болған еді.
Бүгінде «Железнодорожный» тұрғын алабында газ тарату желілерін тарту жұмысы 100% аяқталды, – деп жазады 24.kz. «Промышленный» және «Көктал-2» тұрғын үй алаптарындағы жұмыс 95%-ке, «Көктал-1» тұрғын алабында 80%-ке аяқталған.

Нұр-Сұлтан қалалық Отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов: «Жылдың соңына дейін 8 мың үйдің газға қосылу мүмкіндігі болады. Әрбір үйдің алдына газды әкеп қоямыз. Тұрғын алаптарын қыркүйек айының соңынан бастап газға қосатын боламыз. Қазіргі кезде оларды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Табиғи монополияларды зерттеу комитетімен бірге жұмыс істедік. Қазіргі кезде газдың бағасы шамамен баға 45 теңге болып бекітілді. 60 теңгеден 45 теңгеге түсірдік», – деді.

Еске сала кетейік, газ жүргізу жұмыстары аяқталуға таяу «Көктал» тұрғын үй алабында гаражда тұратын көпбалалы отбасының 5 қызы пештен шыққан өрт кезінде тірідей жанып кеткен еді. Қайғылы оқиғадан соң, астанада көмір, ағаш жағып, пешпен жылытылатын үйлерге өрт қауіпсіздігі үшін дабыл қағатын құралдар тегін орнатуды қолға алды.