Тек қана 2-қабаттағы пәтерлерді тонап келген ұрылар ұсталды
Тек қана 2-қабаттағы пәтерлерді тонап келген ұрылар ұсталды
Фото: Интернеттен алынды

Ел ұйқыда жатқанда екінші қабаттағы пәтерлерді тонап жүрген.

Қылмыстық топты алматылық полиция жуырда ғана қолға түсірді. Әзірге 25 пәтер ұрлығы дәлелденіп отыр. Бірақ ұрлық әлдеқайда көп болуы да мүмкін. Ұрылар полиция қолына түспей тұрып, 25 пәтерді тонап үлгерген. Тек екінші қабаттағы пәтерлерді тонаған. Себебі, 2-қабаттағы пәтерлердің көпшілігі темір тормен қоршалмаған. Өрмелеп шығу да оңай.

Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Бұл сезіктілердің қолдарынан дәйекті заттар шықты ұсталғаннан кейін. Мәлім болғандай бөтен пәтерлерге бұл азаматтар терезе арқылы ғана кірген», – дейді.

Айғақ заттар тәркіленді. Айыбы дәлелденсе, ұрылар кемінде 3 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ұрылар көбінесе, ақша, алтын әшекей бұйымдарды тонайды.