Тұрғынынан велосипеді көп ел
Тұрғынынан велосипеді көп ел
233
оқылды

Бүгінде велосипед көлігін жаппай қолданысқа енгізіп отырған мемлекет көп. Соның бірі – Нидерланды. Ел­дегі әрбір үшінші тұрғын күнделікті жұмысқа вело­си­пед­­пен қатынайды.

Әдетте, Нидерланды мем­ле­ке­ті туралы сөз бола қалса «гол­ланд ірімшігі», «голланд рау­шан гүлі, голланд ауруы мен қыз­ғалдағы» еске оралады. Себебі бұл елдің аты әлемдік нарықта гүл­­дің түрі мен сүт өнімдері экс­­­порты арқылы танылған. Әлем­­нің көз жауын алған әсем гүл­дерін айтпағанда «голланд ірім­­шігінің» дәмі талайдың таң­­­дайында жүр. Бүгінгі күні Ни­дерланды сиыр мен ешкі сүтінен жылына 700 келі ірімшік өндіріп, оның төрттен үш бөлігін сыртқа сатуда. Сонымен қатар қазіргі күні Нидерланды халқын өзгелерден дараландырып тұрған тағы бір ерекшелік – велосипедке деген көзқарас. Шынында да гол­­ландықтардың велоспортқа, вело­сипед көлігіне құмарлығы кі­сі қызығарлықтай. Былтыр мем­лекеттегі осы бір көлік түрі­нің саны тұрғын санынан асып кеткені (17 миллион адам, 23 мил­­лион велосипед) белгілі бол­ған.

Нидерландыда велосипед тебудің өзіндік мәдениеті бар. Өйт­кені осы бір шағын мемле­кет­тің халқы ХІХ ғасырдың ая­ғы­­нан бері «великпен» жүруді дағ­дыға айналдырып, бүгінге дейін жалғасып отыр. Бүгінде әлемнің ең бай он елінің біріне жататын голландықтардың ұғы­мында автокөлікпен көшеде кептелісте тұрғаннан таза ауада екі дөңгелекті көлікпен жүрген пайдалы. Бұл денсаулыққа жақсы әрі қоршаған ортаға да зиян тигізбейсің. Керісінше, қор­ша­ған ортаға тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Нидерланды кө­лік институты жасаған талдау бойынша, авто­кө­ліктен ве­ло­си­­педке жап­пай ауысу үдерісі орта есеппен авто­жолдарда бір ша­­­қырымына 150 грамм көмір­қы­ш­­қыл газын шығаруды тежеуге қол жеткізген. Ма­­­­ман­дар велосипед тепкен адам қант диабеті мен жүрек, қан тамырлары ауруының алдын ала­­тынын айтады. 2015 жылы Ни­дерландыда жүргізілген зерт­теу нәтижесі көрсеткендей, әр жыл сайын халықтың өмір сү­ру жасының ұзақтығы алты ай­ға ұзарғаны байқалған. Тұр­­ғындардың жаппай вело­си­пед көлігіне отыруы елдегі ірі ком­паниялардың еңбек өнім­ді­лігіне де оң әсер етуде. Се­бебі жұмысқа екі дөңгелекті кө­лікпен қатынайтын қыз­мет­кер­лердің денсаулығы жақ­са­рып, жұмысты жылдам әрі сапалы істейтіні анықталыпты. Сондай-ақ жұмысшылардың автокөліктен түсіп, велосипедке мінуі компаниялардың автотұрақ ұстауға кететін шығынын да үнем­­деп отыр. Осылайша, «вело» көлік мінудің тиімділігінен ел бюд­жеті жылына 20 млн доллар үнемдеуге қол жеткізген. Рас, Нидерландыда велосипед тебу үшін мейлінше қолайлы жағ­дай жасалған, арнайы ин­фра­­құрылымы жұмыс істеп тұр. Елде велосипедке арналған 35 мың шақырымнан асатын ар­найы жол салынған. Тіпті кей­бір веложолдар қиылысына қауіп­сіздік үшін бағдаршамдар қойылыпты. Қала көшелеріндегі арнайы жолдар мен жолақтар велосипедті өзге көліктерден оқ­шау­лап, бөгеліссіз жүруіне жол ашып отыр.


Голландықтар екі ғасырдай уақыт велосипед көлігін пай­да­л­анып келе жатқандарын мақ­тан тұтып, өздерін «әлемдегі ешкімге ұқсамайтын жалғыз ұлтпыз» деп санайды. Үкімет жыл сайын велосипед тебушілердің қатарын көбейту үшін түрлі шара­лар ұйымдастырады. Мәсе­лен, велосипедпен жүрген әрбір шақырым сізге 0,22 доллар қосымша табыс түсіреді, яғни бұл қаражат мемлекеттен беріле­тін әлеуметтік пакеттің ішінде қарастырылған. Неғұрлым жүре­тін жолыңыз алыс болған сайын, соғұр­лым көбірек жеңілдік бар. Веложолдар тек ірі қалаларда ғана емес, елдімекендерді, қала мен қаланы жалғайтын да арнайы жолақтар бар.

Бүгінде дүниежүзі бойынша ең үлкен жерасты велопаркі де Нидерландыда салынған. Утрехт қаласындағы ірі велопаркке 12 500 велосипед сыяды.

Нидерландыда велосипед міну жас та, лауазым да талға­май­ды. Елдің қазіргі премьер-ми­нистрі Марк Рютте де жұ­мы­сы­на велосипедпен барады. Таяуда өткен Дүниежүзілік эконо­ми­калық форумда баяндама жасаған 52 жастағы премьер аталған көлік түрінің тиімділігін айта келіп, «Мен соңғы екі жылда өзіме вело­сипед сатып алып, күн ашық кездері офиске велосипедпен баруға тырысып жүрмін. Нидер­лан­дықтар осы көлік түрін таң­дау арқылы ұлт денсаулығын жақ­сар­туға қол жеткізіп отыр» деді.