Таиландтағы қазақстандықтың қазасы: Мәйітін өртеп, күлін Қазақстанға әкеледі
Таиландтағы қазақстандықтың қазасы: Мәйітін өртеп, күлін Қазақстанға әкеледі

Сыртқы істер министрлігі қаза болған қазақстандық зейнеткердің күйеуі әйелінің мәйітін емес, өртеп күлін әкелу туралы шешім қабылдағанын айтты.

«Спутник Қазақстанның» жазуынша, Таиландта көз жұмған 78 жастағы қазақстандық әйелдің отбасы сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін әйелдің денесін кремациялауға шешім қабылдады. Бұл туралы брифингте Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Бұл қайғылы оқиға 26 қыркүйекте болды. Біздің 78 жастағы азаматымыз Паттайя провинциясындағы жағажайда суға батып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел суға кету салдарынан көз жұмған, бірақ біз медициналық сойып тексерудің нәтижесін әлі күтіп отырмыз», – деді Айбек Смадияров.

Елші әйелдің күйеуі мәйітті Таиландта өртеу жөнінде шешім қабылдағанын, содан кейін күлі Қазақстанға жеткізілетінін айтты.