Халықтың денсаулығы үшін 450 миллион теңгеге маска тіккен
Халықтың денсаулығы үшін 450 миллион теңгеге маска тіккен
Фото: otyrar.kz
141
оқылды
Оның ішінде, ӨЖЖ аппараттары, оттегі концентраторлары, сондай-ақ пульсоксиметрлер сияқты аса қажетті медициналық аппараттармен жабдықтады.    width= «Самұрық-Қазына» мен Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жалпы саны 2 050 жабдық пен 100 жедел жәрдем машинасы сатып алынды. Оның барлығы өңірлерге бөлініп берілді.

«Коронавирустық инфекцияның жаңа толқынына ықпал ету және біздің дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін еліміздің медициналық мекемелері қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Енді дәрігерлерде аурудың жаңа өршуінің алдын алу үшін қосымша ресурстар бар», – дейді Samruk-Kazyna Trust қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Ал Батыс Қазақстан облыстық көпсалалы ауруханасының директоры Арман Байдеуовтің айтуынша, ауруханаларға көрсетілген көмек науқастардың тезірек жазылуына септігін тигізді.

«Жаңа жабдықтар коронавируспен күресте облыстық көпсалалы аурухана үшін жақсы қолдау болды. Төтенше жағдай және карантин кезеңінде аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 1600-1700 адам емделіп шықты. Ортақ күш-жігерімізбен біз сарапшылар айтып отырған аурудың екінші толқынына мұқият дайындала аламыз деп үміттенеміз. Сонымен қатар, бұл құрылғылар ауруларды емдеуде қосымша жабдықты қажет ететін басқа аурулары бар пациенттерге көмектеседі», – дейді дәрігер.

Биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі қордан бөлінген 450 млн теңгеге қорғаныс маскаларын тіккен. Қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің меморандум аясында 100 жедел жәрдем машинасы, 1000 оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1000 пульсоксиметр және вирусқа қарсы 3000 «Авифавир» препаратын сатып алған болатын.