Бағдат Мусин eGov-тың қызметін сынаған адвокатқа өзі жауап берді
Бағдат Мусин eGov-тың қызметін сынаған адвокатқа өзі жауап берді
Фото: Интернеттен алынды
161
оқылды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин танымал адвокат Жохар Өтебековтың eGov-қа қатысты шағымына жауап берді. Бұған дейін адвокат Жохар Өтебеков eGov.kz порталының қызметін сынаған болатын, – деп жазады «Қазақпарат». Оның айтуынша «Электронды үкіметке» жүктеуге болатын файлдар беске, ал көлемі 10 МБ-ға дейін азайған. Адвокаттың клиенті полицияға салмақты файлдарға салынған арызын енгізе алмаған.

Жохар Өтебеков ТЖ кезінде 42 500 теңге ала алмай әлек болған азаматтардың мәселесін көтеріп, неліктен сол тұста «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясының басшысын жұмыстан босатуды сұраған болатын.

Министрдің айтуынша, eGov.kz бұдан былай онлайн режимде мемлекеттік қызмет көрсететін монополиялық терезе болмайды. Яғни, мемлекеттік қызметті бұдан былай банктердің мобильді қосымшасынан да алуға болады.

«Сондай-ақ eGovMobile-ға кіру биометрия бойынша жүргізіледі. Яғни, кез келген азамат мобильді қосымшаны жүктеп алып, телефонға жүзін көрсетсе болды, қолданушы болып шыға келеді. Тіпті бұл әдіс өз тарапынан ЭЦҚ-ны да алмастыруға қауқарлы. Өтініштермен жұмыс істеу әдісін WhatsApp-қа мәтін жазғандай жеңіл еткіміз келеді», – дейді министр.

Халыққа сапалы қызмет көрсету проблемасы тез арада шешімін табады. Әрі қолжетімді ету мәселесі де қарастырылуда.