Франция Жак Ширакпен қоштасты
Франция Жак Ширакпен қоштасты
5,104
оқылды

30 қыркүйек Францияда бұрынғы ел президенті Шак Жиракпен қоштасу рәсімі өтті. Ол 26 қыркүйекте 86 жасында өмірден озды.

Парижде өткен қоштасу рәсіміне ел президенті Эммануель Макрон қатысты. Қаралы жиынға шамамен 80-ге жуық шетелдік лидерлер келді, олардың қатарында РФ мен Грузия басшылары бар. Владимир Путин Эммануель Макронмен қысқа кездесу өткізді. Жерлеу рәсіміне сондай-ақ АҚШ-тың экс президенті Билл Клинтон келді.

30 қыркүйек дүйсенбі Францияда қаралы күн деп жарияланды.

Жак Ширак 1995 жылдан 2007 жылға дейін Франция президенті болды. Бұдан өзге ол екі рет  премьер-министр, 18 жыл Париждің мэрі болған еді.

Францияның бесінші президенті Монпарнас қабіріне жерленді.