Бағдарлама аясындағы шараларға 70 мың адам қатысты
Бағдарлама аясындағы шараларға 70 мың адам қатысты
156
оқылды
Қазір Қызылорда  қаласында  әкім­дік жанынан ашылған «Руха­ни жаңғыру» бағдарламасы бо­йынша жобалық кеңсе жұмыс іс­теп тұр. Сарапшылар кеңесі құ­рамының да анықталғанына бір­шама уақыт өтті. Былтыр  қала әкім­інің орынбасары 44 тармақтан  тұра­тын арнайы жоспар бекітіп, руха­ни түлеу жолында тиісті жұ­мыс­тар  жалғасқан еді. Сөйтіп, биыл «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасы аясында  жүзеге асырыл­ған түрлі іс-шара саны 100-ден асып, оған 70 мыңнан астам адам тартылды. Жоба аясында «Латын әліпбиі – жаһандану тұсындағы рухани жаңғырудың факторы» атты дөңгелек үстел отырысы, «Тілі зордың – елі зор» атты қа­лалық байқау, «Тіл – халықтың күретамыры» атты семинар, «Латын әліпбиі – рухани тәуелсіздігіміздің тұғыры» тақырыбындағы кітап көрмесі, «Тамыры терең әліпби» библиографикалық шолу сияқты шаралар ұйымдастырылды. Бұ­лардан бөлек, былтырдан бері түрлі бильборд орнатылып, белсенді азаматтарға арнайы марапаттар берілді. Сонымен қатар «Рухани  жаңғыру» бағдарламасын жергі­лікті жерлерде жүзеге асыру үшін кіші бағдарламалар да әзір­ленді. Сәйкесінше, қалалық білім бө­лімі «Тәрбие және білім», қа­ла­лық мәдениет және тілдерді да­мыту бөлімі «Рухани қазына», қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Атамекен», қалалық ішкі саясат бөлімі «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламаларын іске қосты. «Елбасы Жолдауы және «Ру­хани жаңғыру» бағдарламасын тұр­ғындар арасында насихаттауды ұйымдастыру» мақсатында қала­лық ішкі саясат бөлімі ашқан QORDA.KZ сайты жұмыс істеу­де. Ақпараттық материалдар ат­ал­­ған сайтқа орналастырылып отыр. Сонымен қатар қалалық мәдениет, білім, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанынан Facebook әлеуметтік желісінде ар­найы парақшалар ашылып, насихаттық шаралар тұрақты жүр­гі­зілуде. Қызылорда қаласы әкімдігінің ғимаратында орналасқан құқық­тық кеңес беру орталығында «От­басылық кеңес бұрышы» ашыл­ды. Құрамы бекітіліп, ар­найы ережесі жасақталды. «Отбасылық кеңес бұрышы» отбасын құруды көздеген жас­тармен ерлі-зайыптылықтың ерекшеліктері бойынша кеңестер және де некесін бұзуға келген аза­маттармен, тұрмыстық зор­лық-зомбылыққа ұшыраған от­басылармен профилактикалық және психологиялық тұрғыдан әңгімелер жүргізіп, құқықтық кеңес береді. Бұрыш әр аптаның жұма күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Қызылорда қаласында отбасы құндылықтарын насихат­тау және дәріптеу мақсатында қала әкімдігінде «Жолдауды және мемлекеттік бағдарламаларды, отбасы құндылықтарын насихат­тау шараларын ұйымдастыру» және «Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау және жас отбасыларға құқықтық, психологиялық кеңес беру жұмыс­тарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобалары жүзеге асырылуда. Жобаларға жергілікті бюджеттен 2 млн 300 мың теңге қаржы бө­лінген. Жобалар аясында «Мерейлі отбасы – 2019» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің қорытынды шарасы өткізілді. Жас отбасылар базасы жасақталып, «Отбасы байлығы» тақырыбында Whatsаpp, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінен арнайы мессенджер қызметі жұмыс істей­ді. Отбасы құндылығын насихаттау тақырыбында түрлі форматтағы 5 шара өткізілді. Студент жастар мен жоға­ры сынып оқушылары арасы­нан ерікті жастарды тарта оты­рып, «Жас ұлан» ББЖҰ тә­лім­герлері мен үйлестірушілер қауымдастығын құру мақсатында қалалық білім бөлімі тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Елбасының бастамасымен қуаттап құрылған «Жас ұлан» бірыңғай ба­лалар мен жасөспірімдер ұйы­мы – өскелең ұрпақты жоғары рухани – адамгершілік құндылық­тар, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық пат­риотизм рухында қалыптасқан. Бүгінде ұйым мүшелерінің саны қала бойынша 20 800-ге жетті. Қалалық «Жас ұлан» ұйымы­ның жоспары бойынша «Жас ұланның» 100 жаңа есімі», «Ке­дер­гісіз әлем» мейірімділік-қа­йырым­дылық  акциясы, «Ауы­лым – алтын бесігім» жас су­рет­ші­лер конкурсы, «Атамұрам – асыл қазынам» қол­өнершілер фестивалі, «1  наурыз «Алғыс айту» күні, «Наурыз поштасы», «Тағзым ак­ция­сы», «Біз – көшбасшы  жас­тар­мыз, Елді алға бастармыз»  атты көшбасшылар тренингі, «Балалар әлеміндегі игі істер» ак­циясы, «Дария  жағасындағы қала» акциясы өткізілді. Аталған акция мен жобаларға қала жас­ұлан­дары елеулі үлес қосып, шы­ғармашылықтарын шыңдап, өз қолтаңбаларын қалдырып келеді.  

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы