Ирак пен Сирия шекарадағы өткізу бекетін қайта жандандырды
Ирак пен Сирия шекарадағы өткізу бекетін қайта жандандырды
141
оқылды

Ирак пен Сирия шекарасында алты жылдан кейін бақылау өткізу бекетінің жұмысы қайта жанданды.

Ирактағы Әл-Каим және Сириядағы Бу-Кемаль бақылау өткізу бекеті кезіндегі ең ірі бекеттердің бірі болған еді. Алайда Сириядағы азаматтық соғыс салдарынан 2013 жылдан бастап бекет жабылып қалды, кейіннен бұл аймақ «ДАИШ»* (ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым) содырларының бақылауында қалды.

Сирияның ішкі істер министрі Мұхаммед Рахмун бақылау өткізу бекеті жұмысының іске қосылуы адамдардың жүріп-тұруына, сондай-ақ тауарларды өткізу ауқымының кеңеюіне мүмкіндік беретінін айтады. Сондай-ақ көршілер арасындағы сауда қатынасын реттеп, «бауырлас халықтар мен елдер арасындағы байланысты нығайтады» дейді министр.

Шекарадағы екі қала 2017 жылы содырлардан тартып алынған еді. Екі елдің үкіметі бақылау өткізу бекетінің жұмысын қайта қалыпқа келтіру үшін күш салды.

Дегенмен Батыстағы бақылаушылар бекеттің қайта іске қосылуы Иранның аймақтағы ықпалын күшейтеді деп қауіптенеді: Тегеран қолдап отырған шииттік топтар Сирияда да, Иракта да бар деп жазады Euronews.