Қымбат стадион «Қыранға» беріле ме?
Қымбат стадион «Қыранға» беріле ме?
223
оқылды
Бастапқыда халық «жергілікті командасы жоқ қалаға 31 миллион долларға стадион салудың қажеті қанша?» деп шуласты. Оның үсті­не,  жаңа команданың құры­лып, Премьер-лигаға шығып, жер­гі­лікті жанкүйерді қуантуына әлі т­алай уақыт кететіні бесенеден бел­гілі. Бірақ айтылған сонша сын-ескертпелерге қарамай, қалада жаңа стадион бой көтерді. Стадион пайдалануға берілісі­мен Facebook әлеуметтік желісінен жергілікті өңірдің журналисі Ғабит Сапарбековтің «Бүгін ерекше қуандым. Себебі Түркістандағы жаңа стадион тапсырылды. «Са­мұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» ұлттық компаниясы 7 000 орындық стадионды Түркістан облысы әкім­дігінің иелігіне өткізді. Ах­мет­жан Есімов пен Өмірзақ Шө­кеев стадионды аралап, спорт ны­санымен танысып шықты. Түр­кістан қызықтырып барады» де­ген жазбасын көзіміз шалды. Артынша жазба иесіне хабарласып жаңа стадион туралы пікірін білдік. – Бұл оқиғаға қуану керек. Қазір Қазақстан Премьер-лига­сын­да ойнайтын клубтардың ба­сым бөлігінде талапқа сай ста­дион жоқ. Ел бюджетінің қомақты қаражаты легионерлердің қалта­сын толтыруға кетіп жатыр. Егер әр қалада УЕФА талабына сай бір-бір стадион мен футбол базаларын салып алған кезде ел футболының еңсесі қазіргіден биігірек болар еді деп ойлаймын. Түркістандағы стадионның сыйымдылығы тө­мен­деу дегенімен, қазірше жет­кілікті секілді. Халықаралық ма­тч­тар болмаса, Қазақстан чем­пио­натында 5 мыңнан ар­тық жанкүйердің жиналуы – си­рек оқиға. Менің ойымша, Түр­кістандағы стадион тұтас бір өңір­дің спортының дамуына, фут­болының өрлеуіне серпін бе­р­уі тиіс. Жанкүйер ретінде өте қуа­ныштымын, – дейді ол. Жалпы, Түркістанда кәсіпқой футбол клубы 1990 жылы «Мон­тажник» деген атаумен құрылды. Тә­уел­сіз Қазақстанның тұңғыш чемпионатына «Монтажник» ат­ауы­мен қатысып, 1993 жылы команда атауы «Яссы» бо­лып өзгерді. Яғни, соңғы рет ел чемпионатында ойнаған Түр­кістанның командасы сол «Яссы» клубы болған. Ол 2005 жылы жабылды. Содан бері рухани шаһардың намысын қорғайтын команда әлі құрылған жоқ. Бірақ облыстағы спорт саласының ба­сында жүрген азаматтардың сө­зіне сенсек, жақын күндері «Тұ­ран» клубы құрылмақшы екен. Онда тек қазақстандық аяқдоп шеберлері доп теппек. Жергілікті футболшыларды қатарына қо­са­тын команда Премьер-лига клубтарымен бәсекелесе ала­тын­дай болып жасақталмақ. Кейін­гі уақытта «Қыран» клубының атауын «Тұран» етіп өзгерту туралы әңгімелер де халық арасында желдей есіп жүр. Оның үстіне, жа­қында «Қыранның» логотипі өз­геріп, клуб осы маусымда алдына үл­кен мақсат қойып отырғанын, яғни Премьер-лигаға жолдама алу­­ды жоспарлап отырғанын жа­риялады. Бір қызығы, өткен жылы Түр­кіс­тан облысының басты фут­бол клубы «Қыранның» фут­болшылары мен басшылары ше­­неу­ніктердің кесірінен жа­былып қалудың аз-ақ алдында тұр­ғанын айтып шағымданған. Сол кезде «Қыран» футбол клубының менеджері Наталья Казумян об­лыстық әкімдік түрлі тексеріс жа­сап, бюджетті қысқартып таста­ғанын жеткізген. – Бірінші лигада ойнайтын өзге клубтардың жылдық бюджеті 1 миллиард теңгеден басталады. Ал біздің 380 миллиондық қаржыны Спорт басқармасы мен облыс әк­ім­дігі 100 миллионға қысқартты. Сон­дағы оларға ұнамағаны – 1-ші лигадан бөлек, 2-лига мен жас­өспірімдер командаларын жат­тықтырғанымыз. Бірақ ол үшін қосымша қаржы сұрағанымыз жоқ, – деген болатын. Ал бүгін клуб­тың алдына үлкен мақсат қойып отырғаны хабарлануда. Осы және өзге де клубтағы кө­леңкелі мәселелер туралы спорт коментаторы Ермұхамед Мәулен пікір білдірді. fydbol – «Қыран» футбол клубының 300-400 миллион теңгенің шама­сында қарыздары бар. 14-15 фут­болшы 10 шақты ай айлықсыз ойнады. Қазіргі кезде жігіттердің көбі басқа клубтарға ауысып кетті. Қолдарында келісімшарты бар футболшылардың айлығын қайтару керек. Әйтпесе, алдағы уақытта сол үшін аталған футбол­шы­лар клубты сотқа бе­реді. Клуб­та қазір ақша бар. Жаңа ойыншыларды сатып алды. Оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Қа­зір Бірінші лигада ойнап жүр. Егер клуб жоғарғы лигаға шы­ғуды ойласа, бүкіл қарыздарын жапқаны дұрыс. Бірақ ол клубтың менеджменті, маркетингі жоқ. Меніңше,  клубты футболдан ха­бары аз, босаңдау адамдар бас­қарып жүрген сыңайлы. , – дейді ол. Белгілі спорт маманы стадионға жаңа атаудың берілу керек екенін айтып, бұл ретте өзінің ұсынысын да қоса жеткізді. – Бастысы стадион сапалы салынғаны көрініп тұр. BI-Group компаниясы салғаннан кейін жақсы болатыны түсінікті. «Астана-Арена» да кезінде 180 миллионға салынған. Проблема көтерсе сол кезде көтеру керек еді. Сондықтан 30 миллион оның қа­сын­да түк емес деп есептеймін. Мен жаңа стадион төңірегінде өзекті бір мәселені көтерген едім. Меніңше, стадионға жақсы атау берілуі ке­рек. Түркістандағы аренаның «Түр­кістан-Арена» болуы онсыз да бел­гілі нәрсе ғой. Оның жанына Мұстафа Шоқай атындағы Түр­кістан арена стадионы деген сөз­ді қосса, керемет болар еді. Бұл туралы мен ұсынысымды білдірдім. Үлкен спорт кешендері сол өңірден шыққан атақты адамдардың аты­мен аталғаны дұрыс. Түркістан ав­тономиясын, Түркістан легио­нын бүкіл әлемге танытқан Мұс­тафа Шоқай ғой. Сондықтан ста­дион­ға осы атауды бергені жөн, – деп санайды Ермұхамед Мәулен. Ұсыныс ескерілер болса, жаңа стадионның атауы Мұстафа Шо­қай болып өзгерер. Ал әзірге көп­шіліктің көкейінде стадион атауы емес, «Жасыл алаңда жақ­сы жетіс­тіктерімен қуантатын жер­гілікті жаңа клуб пайда бола ма?» деген сауал тұрған сыңайлы. Бі­рақ басшылық «Қыран» футбол клу­бына үлкен үміт артып, ке­лер жылдан бастап команда Түр­кістанның атын Қазақстан Пре­мьер-лигасында қорғайтынына сене­ді. Әйтпесе, жаңа клубтың құ­ры­л­уы, оның жасақталуына біраз уақыт кетері сөзсіз. Оның үстіне, жаңадан құрылған клуб жарыс жо­лын алдымен Екінші лигадан бас­тайды. Оны жеңіп, Бірінші ли­гаға шығып, одан жоғарғы ли­гаға жолдама алу үшін клуб кемі 2-3 жыл уақытын жоғалтады. Сон­дықтан «Қыранға» қаржы салып, жақсы команда жасақтау тиімдірек болып тұр. Бірінші лига клубтары бірінші айналымда 7 кездесу өткізеді. Екінші айналымда да тура сондай ойын болады. Жаңа маусымда біріншілікке қатысатын 14 команда екі конференцияға бөлінді. Бірінші конференцияда бақ сынайтын «Қыран» «Ақтөбе», «Алтай», «Мақ­­таарал», «Байқоңыр», «Екі­бастұз» және «Арыс» секілді мық­ты ко­мандаларымен жоғарғы ли­га­ға шығуға таласады. Онымен қоса бұл конференцияда бір ко­манда жеңімпаз атанады. Ал бұл командалар арасында «Ақтөбе» бас­ты фаворит. Қалған командалар да осал емес. Қайткен күнде де «Қы­ранға» жоғарғы лигаға жолда­ма алу оңайға түспесі анық. Жаңа стадион дайын, жаңа клуб керек пе, жоқ «Қыранға» сенім артыла ма? Маусымның аяқталуын күте­йік. Оған дейін біраз жайт өзгеруі мүмкін. Сол кезде нақты шешім қабылданар.  

AblaiАбылайхан ЖҰМАШ