Цифрлық даму, иноовация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 5G желісін Қазақстанға енгізу процесі туралы айтты.
Министрдің сөзінше 5G мобильді байланысын іске қосу бойынша сынақтар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында өткен. Енді осы жылдың қазанында Шымкентте өткізу жоспарда бар.
Елордада 5G-ді 2021 жылдың соңына дейін Назарбаев университеті мен EXPO аумағында енгізу жоспарда бар. 2022 жылы желі әуежайда, сапаржайда, ірі сауда орталықтары мен алаңдарда іске қосылады. «2023 жылға қарай 5G-ді барша облыс орталықтарында енгізу жоспарлануда», – деді министр.
Оның сөзінше жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде 2022 жылдың соңына дейін қазақстандықтардың 97 пайызы Интернетке шығу мүмкіндігімен толық қамтылатын болады.