Министрлік грант бермеген ЖОО тізімі жарияланды
Министрлік грант бермеген ЖОО тізімі жарияланды
Фото: Интернеттен алынды

Фейсбуктегі парақшасында: «Биыл Білім және ғылым министрлігі 36 ЖОО-ға грант бермеді. ЖОО-лар қатысты «Атамекен» рейтинг жүргізіп, жұмысқа орналастыру үшін іріктеу жүргізілді», – деп жазды.

Грант алмаған ЖОО тізімі:
  1. «Астана» университеті;
  2. Қазақстан теңіз университеті (қазіргі Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті);
  3. Академик Әбдімүс Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті;
  4. Мардан Сапарбаев институты;
  5. Silk way халықаралық университеті;
  6. «Сырдария» университеті;
  7. Абай Мырзахметов атындағы көкшетау университеті;
  8. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты;
  9. Еуразия технологиялық университеті;
  10. Каспий қоғамдық университеті;
  11. «Қайнар» академиясы;
  12. Инновациялық Еуразия университеті;
  13. Еуразия гуманитарлық институты;
  14. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы;
  15. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы;
  16. Орталық Азия университеті;
  17. Орталық Қазақстан академиясы;
  18. Қазақ технология және бизнес университеті;
  19. Bolashaq академиясы;
  20. Қазақстан инновациялық академиясы;
  21. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті;
  22. Академик Қаныш Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты;
  23. Дінмұхамед Қонаев атындағы еуразиялық заң академиясы;
  24. Қызылорда «Болашақ» университеті»;
  25. Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті;
  26. Шет тілдер және іскерлік мансап университеті;
  27. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті;
  28. Гуманитарлық-техникалық академия;
  29. Алматы экономика және статистика академиясы;
  30. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті;
  31. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті;
  32. Алматы университеті;
  33. Қазақстан медициналық үздіксіз білім беру университеті;
  34. Қазақ-орыс халықаралық университеті;
  35. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті;
  36. Академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті.