Клиенттердің есепшотынан ақша ұрлаған банк менеджері ұсталды
Клиенттердің есепшотынан ақша ұрлаған банк менеджері ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
153
оқылды

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, тергеудің нәтижесінде, полиция қызметкерлері банк менеджерінің өз қызметін пайдаланып, бірнеше ай бойы әртүрлі банктік операциялары арқылы клиенттерге тиесілі ақшаны алып отырған.

Менеджердің заңсыз әрекетінен 7 адам зардап шекті. Олардан 297 мың теңге ақшаны  жымқырған. Қызметін асыра пайдаланған әйел банктен жұмыстан шығарылған. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.