19-21 қыркүйек аралығында елімізде ауа райы жылы болады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
"Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына антициклон әсер етеді. Оның келуімен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температураның көтерілуі күтіледі. Қазақстанның батысына Мәскеу аудандарынан циклон ықпал етеді. Ол жаңбыр, кей жерлерде нөсер, найзағай, екпінді жел, дауыл тудырады, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.