Қазақстандағы әл-ауқаты төмен аймақтар анықталды
Қазақстандағы әл-ауқаты төмен аймақтар анықталды
221
оқылды

Cтатистика Комитеті Қазақстандағы әл-ауқаты төмен аймақтарды атады. Бұл туралы «Хабар-24» хабарлайды.

Рейтингте Түркістан облысы көш бастаса, екінші орында Жамбыл облысы тұр. Солтүстік Қазақстан облысы елдегі әл-ауқаты төмен аймақтардың қатарында үшінші орынға табан тіреді.

Статистика комитетінің ақпарынша аймақта осы жылдың екінші жарты жылдығындағы орташа жалақы көлемі 130 мың теңгені құраған. СҚО-да қаржыгерлер мен сақтандыру қызметінің мамандары көп жалақы алады - орта есеппен екі жүз отыз мың теңге. Бірақ ауыл шаруашылығы саласында ең аз еңбекақы көлемі тіркелді. Бар-жоғы – 66 мың теңге. «Хабар-24» аз еңбекақы тұрғындарды басқа жаққа көшуге итермелейтінін жазады. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда аймақта мигранттардың саны 30 пайызға ұлғайған.