Қазақстан 12 елдің азаматтарына визасыз режим ашты
Қазақстан 12 елдің азаматтарына визасыз режим ашты
231
оқылды

Қазақстан 12 елдің азаматтарына визасыз режим ашты.

30 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасына визасыз кіруге болатын мемлекеттердің тізімін кеңейту туралы Үкіметтің қаулысы күшіне енді деп мәлімдеді СІМ баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 45 елдің азаматы 30 күнге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасына визасыз кіруге құқылы. Аталған тізімге енді 12 мемлекет кірді: Бахрейн, Ватикан, Вьетнам, Индонезия, Катар, Колумбия, Кувейт, Лихтенштейн, Оман, Сауд Арабиясы, Таиланд және Филиппин.

Қаулыда аталған елдердің азаматтарына егер олардың Қазақстанда болу мерзімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын болса, визасыз кіру / кету құқығын беру қарастырылған, деп хабарлады СІМ ресми өкілі.

Визалық рәсімдеуді алып тастау шетелдік инвесторлар, туристер мен бизнесмендердің санын көбейтуге бағытталған деп атап өтті Айбек Смадияров.

2005-2018 жылдары Қазақстан жоғарыда аталған елдерден 876,3 миллион АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартты.