Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне қатысты пікірін айтты.
— Ең алдымен Ішкі істер министрлігі де, Серік Күдебаевтың ұлы жұмыс істеген прокуратура да тергеу амалдарын жүргізген жоқ. Тергеуді үшінші орган жүргізді. Ол – Экономикалық тергеу қызметі. Министрлік тарапынан да, прокуратура тарапынан да ешқандай қысым болған жоқ. Аталған орган бұл шешімді өзі қабылдады. Ал санкцияны барлық уақытта да тек қана сот береді, — деді Ерлан Тұрғымбаев.
Бұған дейін Нұрсұлтан Күдебаевтың өлімінің негізгі себептерін жазған болатынбыз.