“Nur Otan” партиясы жанындағы "111 шұғыл қызметі" байланыс орталығының жұмыс істеген 17 күнде түрлі мәселелер бойынша 228 өтініш келіп түсті. Қауіпсіздік мәселелері-6, жұмыспен қамту және еңбек мәселелері бойынша - 2 , білім беру - 2, денсаулық сақтау - 10, әлеуметтік қорғау - 15, ақпараттық сұраулар - 140, зорлық - зомбылық және қатыгез қарым-қатынас - 9, отбасындағы қатынастар - 12, өзге де өтініштер - 2, психоәлеуметтік әл-ауқат - 15, шұғыл жағдайлар-5, заң мәселелері-10 өтініш түсті.
"Барлық өтініштер бойынша хабарласушыларға шұғыл психологиялық, заңдық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетілді. Әрбір жағдайдан кейін біз ортақ бей-жай қарамаушылық пен ден қоюымыздың қаншалықты маңызды екенін түсініп келеміз. Бір қоңырау арқылы біз біреудің өмірін сақтап, отбасына, әйелге немесе балаларға көмектесе аламыз", - делінген хабарламада.Өздеріңіз білетіндей, орталық барлық мемлекеттік органдар және өңірлік жедел әрекет ету топтарымен (2 324 топ) тікелей көмек көрсетеді. Барлық өтініштер өңірлік "Nur Otan" партиясы филиалдарының бақылауында. Бұл бірегей жаңа және тиімді тәсіл. Естеріңізге сала кетейік, "Nur Otan" партиясы жанындағы "111 шұғыл қызмет" байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрғандығы, зорлық-зомбылық немесе қатыгездік жасалынғандығы туралы хабарлауға немесе біреу балаларға қауіп төндіретін объектіні, мысалы, ашық люкті, қауіпті жоғары вольтты электр желісін, ашық су көзін көргенін хабарлау үшін ашылды. Егер сіз кішкентай баланың қараусыз қалғанын, оған қауіп төніп тұрғанын көрсеңіз; балаға немесе әйелге қатысты қатыгездік, зорлық-зомбылық қолданылуы мүмкін екенін білсеңіз, олардың құқықтарының бұзылып жүргенін білсеңіз, "111 нөміріне" қоңырау шалуға күмәнданбауыңызды сұраймыз. 111 нөмірі - конфиденциалды 111нөмірі - 24/7 жұмыс істейді 111 нөмірі - тәулік бойы ІІД және өңірлік жедел әрекет ету топтарымен байланыста Барлық қоңыраулар тіркеледі. Әрбір қоңырау шалушыға қандай шаралар қабылданғаны туралы кері байланыс беріледі Әрқайсымыздың бұл тақырыпқа барынша қызығушылық танытуымыз маңызды. Баланың, әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне күдік туған жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік танытып, 111-ге хабарлауларыңыз қажет. "111" нөмірі балалардың, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайды. Қызмет жұмысы партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі базасында барлық мемлекеттік органдар, өңірлерде ашылған жедел әрекет ету топтары және "Nur Otan" партиясының филиалдарымен өзара әрекеттестік жасай отырып жүзеге асырылады. Статистикаға сүйенсек, жылына балаларға қатысты 2000-нан астам қылмыс жасалады, олардың 700-ге жуығы жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы. Ең өкініштісі, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 60% - ы отбасында орын алады. Әрқайсымыз "111" нөміріне уақытылы хабарлау арқылы балалардың қорғаушысы бола аламыз. Әдетте, тергеу кезінде орын алған қылмыстың куәгерлері болғаны белгілі болады. Көршілер бірдеңенің дұрыс емес екенін байқаса да, не істеу керектігін білмеді, араласқысы келмедіү. Сонымен қатар, елдегі зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін: Маусым айында Кеңес өңірлермен бірлесіп, "Бақытты отбасы" Жол картасы аясында барлық өңірлерде жедел әрекет ету топтарын аша бастады. Қазіргі уақытта 2 324 топ ашылды (жергілікті атқарушы органдардың функционалдық міндеттері шеңберінде). Топтардың міндеті-қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмектесу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау, жәбірленушілерге кешенді және уақтылы көмек көрсету және ең бастысы нәтижені бақылау. Әр топтың өз модераторы, бөлімшелік полиция қызметкері, әлеуметтік педагог, патронаттық мейірбике, ПИК жұмысшысы және белсенділері бар. Бүгінде Кеңес балалар мен отбасылық - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және қорғау жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша мәжіліс тобында жұмыс істейді. Біз ұрып-соғу, азаптау, зорлық-зомбылық бойынша жазаны қатаңдатудан бастап, жетім балалардың тұрғын үй алу мәселелеріне дейін ұсыныстарымызды енгіздік. Қазір мемлекеттік органдардың ұсыныстарды қолдап, келісуі маңызды. Білім министрлігі партияның ақпан айындағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, зорлық-зомбылықты анықтау үшін мектептерде бірыңғай әдістеме әзірлейді. Айта кетерлік жәйт, Кеңестің жұмыс тобы іс-сапармен 220 елді мекенді, оның ішінде ең шалғай ауылдарды аралап шықты, отбасы және балалар мәселелері бойынша жергілікті қызметтердің қалай жұмыс істейтініне, мекемелердің жағдайы мен жағдайына талдау жасады. 6 ақпанда өңірлердегі жұмыс қорытындысы бойынша кеңес алаңында балалар үйлеріндегі, мектептердегі, интернаттардағы, медициналық - әлеуметтік мекемелердегі жағдайлардан бастап, зорлық-зомбылық пен суицид мәселелеріне дейінгі барлық мәселелер талқыланды. Қазіргі уақытта интернаттарда, мектептерде (су, кәріз жоқ жерлерде) жөндеу жұмыстары жүргізілуде. МӘМ үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен қызметкерлер үшін оқыту ұйымдастырылады. Суицидтің алдын алу мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуде. 10 облыста суицидтің алдын алу мәселесі бойынша жүйелі тәсілдер мен әдістемелерді енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде ( 5 облыста қазірдің өзінде бар).