Яндекс.Такси ЕАЭО үшін жүргізуші куәліктерін тексеру жүйесін ұсынды
Яндекс.Такси ЕАЭО үшін жүргізуші куәліктерін тексеру жүйесін ұсынды
147
оқылды

Яндекс.Такси қызметі ЕАЭО кеңістігінде жүргізуші куәліктерін тексерудің белгілі бір жүйесін құру туралы бастама көтерді.

«Қазір әртүрлі елдердің мемлекеттік органдарында жүргізуші куәліктерінің мәртебесі туралы толық ақпарат бар. Егер такси компаниялары мен интернет-қызметтер осындай мәліметтер базасына қол жеткізе алса, олар сапарлардың қауіпсіздігі үшін куәліктің мерзімін, жүргізуші көлік айдау куәлігінен айырылған жоқ па, құжаттың рас-өтірігі сынды маңызды ақпараттарды тез тексере алады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Нақты тексеріс жүйесі көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерге онлайн-қызметіне шектеу қояды. Дегенмен жеке мәліметтердің көпшілікке айқын болмауы мақсатында жүргізушінің не себептен куәліктен айырылғанын таксопарк немесе онлай-қызмет білмейтін болады.

«Болашақта осындай жүйенің көмегімен жүргізуші куәлігінің нөміріне айыппұлдар туралы ақпаратты тарту арқылы Жол жүру ережелерін қасақана бұзатындарды шектеуге болады», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Компания деректерді көлікте де отырып оқи беруге ыңғайлы болуы керек дейді – дәл осы қызмет жүргізуші куәлігінің нақты мерзімін дәл уағында тексеруге жағдай жасайды. Бұл дерекқорға үнемі қол жеткізу таксилерге ғана емес, кәсіби көлік жүргізушілерді кез-келген салада жұмысқа тартуға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде Яндекс.Такси мамандары ЕАЭО елдері үшін жүргізуші куәлігін тексеру жүйесін қалыптастыруға қолғабыс етеді, сондай-ақ Одақтың әріптестері, айталық Молдавия мен Өзбекстанға да көмек қолын соза алады.

Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО азаматтары Одаққа кіретін кез келген елде жұмысқа орналасуға құқылы. Сонымен қатар Ресейде тек орыс тіліне ресми мәртебе берілген елдер, соның ішінде Қазақстан бар, өз мемлекетінің ұлттық құқығына сай жұмыс істей алады.