Екі аудандық судья ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді
Екі аудандық судья ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді
© Сурет ғаламтордан
285
оқылды
Қызылорда және Алматы облыстарының аудандық судьялары заңсыз сот үкімдерін шығарды деген күдікке ілінді, – деп хабарлады Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров. Оның мәліметінше, тергеу Алматы облысы Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты жүргізіліп жатыр. Ол айыпталушының пайдасына сот шешімін шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Бұдан басқа сыбайлас жемқорлықпен күрескерлердің күдігіне Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотының судьясы да ілінген.
"Ол ресми құжаттарға жалған ақпарат енгізу арқылы бірнеше азаматтық істер бойынша көрінеу әділетсіз шешімдер шығарды деген күдікке ілінді", - деді Бигайдаров.
Бұл факті бойынша да тергеу жүргізілуде. Іс туралы барлық қалған ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.