Антарктиданың солтүстік бөлігі Эймери мұздығынан соңғы 50 жылдағы ірі айсберг бөлінді,– деп хабарлайды bbc.com.
Алып айсберг аумағы жағынан (1,6 мың шаршы шақырым) шотландиялық арал Скайдан сәл ғана кіші. Ғалымдар қалыңдығы 210 метрлік айсбергтің қозғалған бағытымен аңдып отырмаса, алып мұз массасы мұхиттағы кемелерге қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті. Белгілі болғандай Эймери мұздығынан соңғы ірі айсберг 1960 жылы бөлініпті. Эймери – аумағы жағынан үшінші мұзды шельф, мұздықтың көлемі – 40 мың шаршы шақырым. Қалыңдығы 210 метрлік, салмағы 315 млрд тонна деп жобаланған алып айсбергке ғалымдар D28 деген ат берген. Енді оның бірнеше бөлікке бөлінуіне немесе тұтастай еруіне қанша жыл кететіні беймәлім.