Бұл жайында Нұрымбетов Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалық етуімен бейнеконференция режимінде өткен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысында мәлімдеді. Еңбек инспекторлары қабылдаған шара нәтижесінде 24,5 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалып, оларға 2,55 млрд теңге төленген. «Қазір жалпы берешек 915 млн теңгені құрайды. Жыл басынан бері бұл сома 35,5%-ға немесе 505 млн теңгеге азайған. Ең көп берешек Алматы, Қостанай және Түркістан облыстарына тиесілі. Берешекке жол берген кәсіпорын басшыларына 492 нұсқама шығарылып, 68,5 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 6 кәсіпорын басшыларына қатысты жалақыны бірнеше рет кешіктіргені үшін қылмыстық іс қозғалды», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов. Сонымен қатар министр Еңбек кодексіне жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы жаңа нұсқа енгізілгенін, бұл құжаттың күшінде екенін айтты. Оның айтуынша, аталған құжат жалақы берешегін төлеу тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Айбике ЖАНАСЫЛ