Елімізде дауыл соғып, бұршақ жауады, 1-3 градус үсік жүреді
Елімізде дауыл соғып, бұршақ жауады, 1-3 градус үсік жүреді
©Сурет интернеттен алынды
132
оқылды
Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің батысында циклон әсер етіп жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, солтүстік пен оңтүстік-шығысында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болып, жел күшейеді, бұршақ жауы ықтимал. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман басады. Түнде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік болады. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының басым бөлігінде жел соғады. Маңғыстау облысында дауыл болады. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерінде төтенше өрт қауіпі сақталады.