Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Төрт түліктің берекесі артып келеді

Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, өңірде мал шаруашылығы өрісті түрде өркендеп келеді.  Өткен жылдың  қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда ірі қара мал саны 5% -ға өсіп, барлығы 1 257,9 мың басқа жетіпті. Оның ішінде сауын сиыр 577,8 мың бас болып,  4,6 %-ға өскен. Қой мен ешкі саны 2,1%-ға артып, 4 430,5 мың бас болыпты. Осы­лайша, қой-ешкі бойынша енді бір ырғысақ, төрт жарым миллиондық межені бағындырамыз. Жібек жалды жылқы 385,3 мың басты құраған.  Қалай болғанда да, Алматы облысы еліміздегі ең малды өңір деген атақты қайтарып алуға жақын қалды. Бір кездегі көрсеткіштер әлі көз ұшында болғанымен, жағдай осылай жалғаса берсе, ол күнге де көп қалған жоқ.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 19, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
tort tylik
60
қаралым

Сонымен бірге бір кездегідей қолда барды қанағат тұтып қана қоймай, мал тұқымын асыл­дан­дыруға  барынша назар ау­дарыл­уда. Мемлекеттің қолдауы, ша­руаның ынтасы арқасында етті, сүтті бағыттағы ірі қара, етті, жүнді қойдың қатары артып келеді. Жыл­қы мен түйе тұқымы да заман талабына сай жақсартылуда. Құстың да пайдалысына көп көңіл бөлінуде. Айта кету керек, қазіргі кезде  асыл­тұқымды ірі қара малдың үлесі 197,8 мың бас немесе 18,7%, қой 812,8 мың бас немесе 23,2%, жылқы 51 063 мың бас немесе 15,6%, түйе 3 896 мың бас немесе 52,4%, құс 1 322,2 мың немесе 12,8%.

Облыста тұқымды трансфор­мация­лау ірі қара малдың асыл­тұқым­ды қорының  30,2%-ын қамтиды. Жануарлардың асыл­тұқымын біл­діретін  қаси­ет­терін жақсарту және олардың өнім­ділігін арттыру мақсатында биыл шетелдерден  1 888 бас асылтұқымды ірі қара мал сатып алынған. «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 11 775 бас ірі қара және 17 850 бас қой елге жеткізілген.

Өңір бойынша  сыйымдылығы 25,7 мың бас болатын 82 сүт фермасы жұмыс істейді. Жыл басынан бері Қаратал, Іле, Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарында сыйымдылығы 2 400 бас болатын 6 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Алдағы кездерге жасалған жоспар бұ­лардан да ауқымды. Жыл соңына дейін сыйымдылығы 2 мың бас­қа арналған 6 тауарлы-сүт фер­масын пайдалануға беріледі деген болжам бар.  8 айдың қорытындысы бойын­ша, облыста 547,5 мың тонна сүт өндірілген. Оның 89,0 мың тонна сүті тауарлы-сүт фермаларына тиесілі. Өткен жылы облыста 788,2 мың тонна сүт өндірілсе, соның ішінде 87,2 мың тоннасы тауарлы-сүт фермаларында сауылғанын атап өткен жөн. 2020 жылға арналған сүт өндіру жоспары 816,7 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде тауарлы-сүт фермаларының үлесі  92,0 мың тонна болмақ.

Құс тұмауынан қырылған үй құстары үшін қанша өтемақы төленді?

18 қаңтардан бастап ескірген ауыл шаруашылығы техникаларын өткізуге болады

ADAL: Кәсіпкерлерді қолдауға дайын

Қазіргі уақытта облыста  сы­йымдылығы 70,1 мың бас бо­латын 106 бордақылау алаңы бар. Жыл басынан бері Көксу және Сарқан аудандарында 550 басқа арналған 3 мал бордақылау алаңы іске қосылды. Сонымен қатар жыл соңына дейін 5 720 бас сыйымдылығы бар тағы 11 мал бордақылау алаңын пайдалануға беру жоспарлануда. Соған сай ет өндіру де артып келеді.

Б.АБАҒАН,
Алматы облысы

 

 

 
Тегтер: ауыл шаруашылығыірі қараМалмал шаруашылығытөрт түлік
Алдыңғы жаңалық

Педагогтерді қолдау білім сапасына оң әсер етеді

Келесі жаңалық

Адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет туабітті қалыптасқан екен

Ұқсас жаңалықтар

Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 2021
Ресей
Жаңалықтар

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылды

Қаңтар 25, 2021
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 00:13

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 23:35

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 400-ге жуық адам құтқарылды

Қаңтар 25, 23:09

Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 25, 22:43

Маңғыстауда жас баланы зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қаңтар 25, 22:09

Ақпаннан бастап 1-2 сынып оқушылары мектеп асханаларында тегін тамақтанады

Қаңтар 25, 21:36

«Челси» Фрэнк Лэмпардты қызметінен босатты

Қаңтар 25, 21:07
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ақтау

Ақтауда ер адам 5 миллион теңгесімен көшеде ұйықтап жатқан

Қаңтар 26, 2021
Ресей

Ресей чемпионатына ауысып жатқан қазақстандық футболшылар көбейіп жатыр

Қаңтар 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»