Төрт түліктің берекесі артып келеді
Төрт түліктің берекесі артып келеді
147
оқылды
Сонымен бірге бір кездегідей қолда барды қанағат тұтып қана қоймай, мал тұқымын асыл­дан­дыруға  барынша назар ау­дарыл­уда. Мемлекеттің қолдауы, ша­руаның ынтасы арқасында етті, сүтті бағыттағы ірі қара, етті, жүнді қойдың қатары артып келеді. Жыл­қы мен түйе тұқымы да заман талабына сай жақсартылуда. Құстың да пайдалысына көп көңіл бөлінуде. Айта кету керек, қазіргі кезде  асыл­тұқымды ірі қара малдың үлесі 197,8 мың бас немесе 18,7%, қой 812,8 мың бас немесе 23,2%, жылқы 51 063 мың бас немесе 15,6%, түйе 3 896 мың бас немесе 52,4%, құс 1 322,2 мың немесе 12,8%. Облыста тұқымды трансфор­мация­лау ірі қара малдың асыл­тұқым­ды қорының  30,2%-ын қамтиды. Жануарлардың асыл­тұқымын біл­діретін  қаси­ет­терін жақсарту және олардың өнім­ділігін арттыру мақсатында биыл шетелдерден  1 888 бас асылтұқымды ірі қара мал сатып алынған. «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 11 775 бас ірі қара және 17 850 бас қой елге жеткізілген. Өңір бойынша  сыйымдылығы 25,7 мың бас болатын 82 сүт фермасы жұмыс істейді. Жыл басынан бері Қаратал, Іле, Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарында сыйымдылығы 2 400 бас болатын 6 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Алдағы кездерге жасалған жоспар бұ­лардан да ауқымды. Жыл соңына дейін сыйымдылығы 2 мың бас­қа арналған 6 тауарлы-сүт фер­масын пайдалануға беріледі деген болжам бар.  8 айдың қорытындысы бойын­ша, облыста 547,5 мың тонна сүт өндірілген. Оның 89,0 мың тонна сүті тауарлы-сүт фермаларына тиесілі. Өткен жылы облыста 788,2 мың тонна сүт өндірілсе, соның ішінде 87,2 мың тоннасы тауарлы-сүт фермаларында сауылғанын атап өткен жөн. 2020 жылға арналған сүт өндіру жоспары 816,7 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде тауарлы-сүт фермаларының үлесі  92,0 мың тонна болмақ. Қазіргі уақытта облыста  сы­йымдылығы 70,1 мың бас бо­латын 106 бордақылау алаңы бар. Жыл басынан бері Көксу және Сарқан аудандарында 550 басқа арналған 3 мал бордақылау алаңы іске қосылды. Сонымен қатар жыл соңына дейін 5 720 бас сыйымдылығы бар тағы 11 мал бордақылау алаңын пайдалануға беру жоспарлануда. Соған сай ет өндіру де артып келеді.

Б.АБАҒАН, Алматы облысы