Су баспасын десең...
Су баспасын десең...
133
оқылды
Сонымен қатар арнайы мамандар ұзындығы 97,7 шақырым  келетін 9 өзен-каналды және  орталық көше бойындағы 485 шақырым ирригациялық жүйелерге санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуде. Олардың қатарында Қошқар ата, Қара су өзендері мен Ақсай Қарабастау, Шымкент, Жаңа Шек, Компас, Тоғыс, Сасық және Ынтымақ каналдары бар. Айта кетейік, жыл басынан бері 48,2 шақырым өзен арналары тазаланған. Оның ішінде 31,7 шақырым  өзен-канал арналары  қолмен тазаланған болса, ал 16,5 шақырымына механикалық тазалау жүргізген. Бұдан бөлек, су алу қаупі бар 32 мекенжайға 14,2 шақырым ирригациялық жүйе салу жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, қосымша жұмыстар атқарылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде Бәйдібек би көшесіндегі «Алтын сарай» тойханасының алды, Төлеметов көшесіндегі «Айбол аялдамасы, Бабашұлы көшесіндегі №115 мектептің алды мен Көшеров көшесі, Жібек жолы көшесі, Тесік көпір өткеліндегі мәселелер шешімін таппақ.  

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы