Путин мен Лукашенкоға Шнобель сыйлығы берілді

Путин мен Лукашенкоға Шнобель сыйлығы берілді

Әлқисса, аталған премия күлкілі же­тістіктерге жеткендерге беріледі. Оны та­ғайындаған – Annals of Improbable Research әзіл-сықақ журналының бас редакторы Марк Абрахамс. Алғашқы жылдары бұл сыйлық Массачусетс технологиялық уни­верситетінде тапсырылған болса, кейін Гарвард университетіне ауысқан. Лау­реаттарға лайық сый да ерекше. Әдет­те, ол­арға металдан жасалған өте жұқа қа­ңылтырдан (фольга) әзірленген медаль не сақ-сақ етіп тұрған адамның жақ тістері бей­несіндегі естелік белгі табысталады. Айта кету керек, Шнобель иегерлеріне ма­рапатты Нобель иегерлері табыстайды. Қа­зақстандықтар Нобель сыйлығы секілді Шно­бельді де әлі бірде-бір мәрте алып көр­меген. Ал енді биылғы иегерлерге келсек, Бразилия, Үндістан, Мексика, Беларусь, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Ұлыбритания және АҚШ президенттеріне тағайындалды. Олар « Медициналық білім» номинациясы бойынша марапатталды.  30-рәсім онлайн форматта өтті. «Медициналық білім беру саласындағы марапат өмір мен өлімге ға­лымдар мен дәрігерлерге қарағанда әлемдегі саясаткерлер көбірек әсер ете алатынын дә­лелдеу үшін коронавирус пандемиясын қолданған Бразилия, Ұлыбритания, Үндіс­тан, Мексика, Беларусь, АҚШ, Түркия, Ресей және Түрікменстан басшыларына берілді», – деді сыйлықтың негізін қалаушы Марк Абрахамс. Биыл лауреаттарға  қағаз па­рақтарынан желімделген текше және Зимбабве банкнотының 10 трлн жергілікті долларлық көшірмесі  түрдегі марапат бе­рілді.  

Айша ЕРСҰЛТАН